Монополиялық тепе тендік және сұраныс икемділігін талдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Монополиялық нарықтың теориялық аспектілері 5
1.1 Монополия нарық жағдайында бәсекелестік түсінігі 5
1.2 Монополия жағдайында баға құрылысы
және монополистік пайда 7
2 Монополиялық тепе тендік және сұраныс икемділігін талдау 12
2.1 Монополиялық тепе тендіктің нарықта
орнатылуының ерекшеліктері 12
2.2 Монополиялық бәсеке жағдайындағы сұраныс икемділігі 17
3 Монополиялық билікті шектеуді жетілдіру
жолдары және ұсыныстары 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Экономикалық теория заңдылықтарын зерттеу әдетте жетілген бәсеке жағдайларын қарастырудан басталады да, содан кейін монополияны соған қатысы бар ерекше көрініс ретінде сараптайды.Бұдан бұрыңғы біздің пайымдаулардың міндеті қарама – қарсы бағыттағы зерттеудің қолайлы екендігін,яғни зерттеуді монополияны қарастырудан бастап содан кейән жетілген бәсеке жағдайын ерекше көрініс ретінде түсіндіру мүмкіндігін көрсеті еді.

Дегенмен, осы уақытқа дейін біз басқа салаларға назар аудармастан тек қана жекелеген салаға қатысты өндіріс және баға проблемасымен шұғылдандық;осыған байланысты айтатын болсақ онда пайдалану бағыттары бойынша ресурстарды бөлумен байланысты проблемелар, сондай – ақ түсімдерді мөлшеріндегі өндіріс факторларының үлесі туралы мәселелер бәсеке жағдайында орын алады деген болжамнан бастаудың өз артықшылықтары бар.

Мысалы,еңбекті пайдалану критерийлерін іздеген кезде бізге жетілген бәсеке шарттарына жүгінуге тура келеді ғой.Ал енді құн теориясы міндетті түрде монополия ұғымына негізделетін болсақ, онда бөлу теориясы қандай болатындығын анықтау қажеттілігі даусыз.Сондықтан әрбір тауар монополия жағдайында өндірілетін ерекше әлкмдә сараптау қажет.Оған қоса мұндай сараптаманың қазіргі уақыттағы практикалық мәні де зор. Қазіргі шектеу бағдарламалары, квоталау жүйелері, жаңғыртулар, аса зор компаниялардың пайда болуы монополиялау үрдістерінің қанат жайып келе жатқанын байқатады.

Алға қойылған мәселелерді шешу үшін оның анық тұжырымдалуы және   тиісті ықтималдылықтары айқын баяндалуы керек,сонда ғана біз күнделікті өмірде қолдану үшін абстакция түріндегі шешімдерге қол жеткізетін боламыз.

Алдымызда қойған теориялық мәселені шешудің оңай  жолын табу үшін бірқатар алғышарттар қолдануымыз қажет.

Монополистер бір ған функцияны  - өнім өндіруді қадағалау функциясын атақарады. Әрбір монополист өнім шығарылымын шексіз арттыра беруді қамтамасыз ететін бақылаушы «орган» болып табылады.

Осындай «органның» басшылығымен өндіріс жүзеге асырылап жатқан кезде жеке фирмалардың қүрамы және олар өндірген өнім көлемі өзгергенімен саланың жалпы құрылымы сақталады.

Фирманың басшысы жалдамалы басқарушы болып табылады және жалақыны оның айналымдағы табыстылық деңгейі бәсеке жағдайында қаншалықты болуынан тәуелсіз тұрақты мөлшерде алатын болады.  Монополист алатын пайда біз білетін кез келген әдіспен бөлінеді.

Басқарушы қызметті (фирма менеджерлерін) өндіріс факторларының бірі ретінде қарастыру қажет; басқарушылар кәсіпкерлермен тең дәрежелі, бірақ олар монополистердің «олжасын» бөлуге ғана қатысады. Монополистердің «жаратылысы» туралы болжам зерттеу барысында өз күшінде қала береді.

Монополистер арасында құпия келісім жоқ.Олардың әрқайсысы қалғандарының мүдделерімен ешбір санаспай неғұрлым көбірек пайда алуға ұмтылады. Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады

Зерттеу мақсаты: монополиялық тепе тендікті және сұраныс икемділігін зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Монополиялық нарықтың теориялық аспектілерін талдау;
  • Монополия нарық жағдайында бәсекелестік түсінігін ашу;
  • Монополия жағдайында баға құрылысы және монополистік пайдаға анықтама беру;
  • Монополиялық тепе тендік және сұраныс икемділігін талдау;
  • Монополиялық тепе тендіктің нарықта орнатылуының ерекшеліктерін талдау;
  • Монополиялық бәсеке жағдайындағы сұраныс икемділігіне талдау жасау;
  • Монополиялық билікті шектеуді жетілдіру жолдары және ұсыныстарын жасау.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде монополиялық тепе тендік және сұраныс икемділігінің теориялық аспетілері анықталды, екінші бөлімде монополиялық тепе тендіктің орнатылуы жағдайына талдау жасалды, үшінші бөлімде монополиялық билікті шектеу бойынша ұсыныстар жасалды.

Іздеу