Негізгі құралдарды қолдану кезінде бағалу тәртібі, құжаттамалары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы
1.1 Негізгі құралдардың жіктелуі, қолдану объектілері
1.2 №16 ХҚЕБС «Мүлік, ғимарат және құрал-жабдықтар»
және 1 ҰҚЕБС бойынша негізгі құралдар құнын бағалау
2 Негізгі құралдарды қолдану кезінде бағалу тәртібі,
құжаттамалары
2.1 Негізгі құралдарды кірістеу тәртібі, құжаттамалары
2.2 Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі, құжаттамалары
2.3 Негізгі құралдарды түгендеу және құнын қайта бағалау есебі
2.4 Қаржылық есеп беруде негізгі құралдардың қозғалысы
бойынша есеп беру
3 «KazMicroFinance» МКҰ»ЖШС негізгі құралдардың
бағалануы, жүргізілуі, есебі
3.1 Субъектінің есеп саясатында негізгі құралдардың жүргізілу есебі
3.2 Қолданылатын негізгі құралдардың құнын қайта бағалау әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
А) Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі
Ә) Негізгі құралдар объектісін түгендеу актісі
Б) Негізгі құралдарды есептен шығару актісі
В) Журнал ордер 12


Кіріспе

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың  есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде негізгі құралдардың экономикалық мәні және жалпы жіктемесі жайына тоқталамын.

Ең  алдымен жалпы  негізгі құралдарға  қысқаша атап өтетін болсам -негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдык, өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың, мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құнды-лықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.

Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер

Негізгі құралдар  өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

Осыдан зерттеу жұмысының тақырыбы негізгі құралдар есебімен танысу.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануына талдау жасау;
  • Негізгі құралдардың жіктелуі, қолдану объектілеріне шолу жасау;
  • №16 ХҚЕБС «Мүлік, ғимарат және құрал-жабдықтар» және 1 ҰҚЕБС бойынша негізгі құралдар құнын бағалау ерекшеліктерін көрсету,
  • Негізгі құралдарды қолдану кезінде бағалу тәртібі, құжаттамаларымен, негізгі құралдарды кірістеу тәртібі, құжаттамалары, негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі, құжаттамаларымен танысу,
  • Негізгі құралдарды түгендеу және құнын қайта бағалау есебіне талдау жасау,
  • Қаржылық есеп беруде негізгі құралдардың қозғалысы бойынша есеп беруді көрсету
  • ЖШС негізгі құралдардың бағалануы, жүргізілуі, есебіне талдау жасау
  • Субъектінің есеп саясатында негізгі құралдардың жүргізілу есебі, қолданылатын негізгі құралдардың құнын қайта бағалау әдістеріне талдау жасау.

Іздеу