Олигополия жағдайында фирманың қызметі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Олигополияның теориялық аспектілері 5
1.1 Нарықтық бәсеке жағдайында олигополия түсінігі 5
1.2 Олигополиялық және монополиялық нарық ерекшеліктері 11
2 Олигополия жағдайында фирманың қызметіне талдау жасау 14
2.1 Олигополия жағдайында фирманың қызметінің ерекшеліктері 14
2.2 Олигополия кезінде фирманың стратегиясы 16
3 Олигополия жағдайында фирманың қызметін жетілдіру
жолдары және ұсыныстары 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Қазақстан  Республикасы   нарықтық экономикаға  өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда.  Оның объектiвтiк және субъективтiк себептерi бар. Солардан туындап отырған қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша,ол үшiн дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-үйрену  қажеттiлiгi даусыз.

Нарық механизмiнде жеке-дара адам ұйымдар “ненi”, “қалай”, және “кiм үшiн” деген үш экономикалық проблеманы шешу үшiн  өндiрушiлер мен тұтынушылар рынокта өз еркiмен кездесiп, баға мен өндiрiстiң көлемiн анықтайды.

Бұл фактiнi бағалау үшiн нарықтық экономиканы қалыптасқан мысал ретiнде алайық. Шеттен тауарлар тұрақты түрде әкелiнбесе, бұл қала аштыққа ұшырар едi, бiрақта жан-жақтан, тiптi шет, шалғай елдерден тауарлар тоқтаусыз әкелiнедi. Сөйтiп, қала тұрғындары өмiр сүруге қажеттi шаруашылық процестерiнiң тоқтамайтынына кәмiл сенедi.

Тәуелсіздiкке қол жетуi Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға,бұрынғы әрiптестерiмен қарым-қатынастарды қайта құруға, дүние жүзiлiк рынокқа кiру жолымен iлгерi басуға мүмкiндiк бередi. Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру мемлекеттiң бұл саладағы монополиясын жойды, кәсiпорындардың, фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдiк әрiптестерiмен емiн-еркiн байланыстар орнатуына мүмкiндiк бередi, қызмет саласында бәсекелiк негiздер қалады. Қазiргi кезде республикада бiрлескен кәсiпорындар саны күрт көбеюде, дүние жүзiндегi аса iрi компаниялардың өкiлдерi ашылуда, табиғи ресурстарды бiрлесе пайдалану, шикiзат пен материалдарды өңдеу жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогрестi технологиялар енгiзуде және  тағы басқа

Нарық  құрылымы нарықтағы сатып алушылардың және сатушылардың санымен және мүмкiндiктерiмен сипатталады. Нарық құрылымы көп сатып алушы мен сатушысы бар жетiлмеген бәсекелестiктен монополиялық бәсекелестiк, олигополия арқылы тек бiр сатушысы болатын монополияға дейiн түрленедi. Көптеген монополияларды заңды түрде құруға болмайтындығына қарамастан, бiрнеше ресми монополиялар бар. Соңғыларына, үй-жай қызметi және әрекеттерi патенттермен және авторлық құқықтарымен қорғалған фирмалар жатады. АҚШ-тың көптеген кәсiпорындары жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстейдi. Жетiлмеген бәсекелестiкте монополиялық бәсекелестiк пен олигополия элементтерi қатар кездеседi. Монополиялық бәсекелестiкте көп сатушылар нарыққа бiр-бiрiмен жеке сипаттамалары бойынша айырмашылықтары тауар шығарады. Олигополия жағдайында, бiрнеше iрi фирмалар белгiлi бiр тауарлар мен қызмет көрсетулердiң нарығын бақылайды.

Федералдық үкiмет монополияға қарсы заңдар арқылы бәсекелестiктi қолданып, сауданы шектеулерден қорғауға ынталы. Ол заңдардың iшiндегi ең маңыздылары: Шерман заңы, Клейтон заңы, үкiметтiң сауда комиссиясының заңы және Селлер-Кефовер заңы болды. Осыған қарамай, көптеген фирмалар бiр-бiрiмен қосылып, iрi корпорацияларға айналды. Көлбей бағытта қосылулар тектес кәсiпорындарды бiрiктiредi. Тiк бағытта қосылулар бiр технологиялық тiзбектегi кәсiпорындарды бiрiктiредi. Конгломерат қосылулар әр түрлi салалардағы компанияларды бiрiктiредi.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: олигополия жағдайында фирманың іс әрекетін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • олигополияның теориялық аспектілерін зерттеу;
  • нарықтық бәсеке жағдайында олигополия түсінігін ашу;
  • олигополиялық және монополиялық нарық ерекшеліктерін көрсету;
  • олигополия жағдайында фирманың қызметіне талдау жасау;
  • олигополия жағдайында фирманың қызметінің ерекшеліктерін анықтау;
  • олигополия кезінде фирманың стратегиясын талдау;
  • олигополия жағдайында фирманың қызметін жетілдіру жолдары және ұсыныстарын жасау.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде олигополия жағдайында фирманың қызметі жөнінде теориялық мәселелер қарастырылды, екінші бөлімде мәселенің өзекті проблемаларына талдау жасалды, үшінші бөлімде олигополия жағдайында фирманың қызметін жетілдіру жолдары және ұсыныстарын жасалды.

Іздеу