Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың заңдылықтары мен принциптері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың
теориялық негіздемесі 5
1.1 Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың
заңдылықтары мен принциптері 5
1.2 Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың факторлары 7
2 Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудағы
мемлекеттік реттеу 11
2.1 Өндіріс пен өндіргіш күштерді тиімді
орналастыру бойынша бағдарламалар 11
2.2 Аймақтық экономикада өндірісті тиімді дамыту
бойынша шаралар 16
3 Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудағы
мемлекеттік реттеу бағытындағы проблемалар
мен даму жолдары 19
Қорытынды 28
Қолданынлған әдебиеттер тізімі 30


КІРІСПЕ

Өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылықтары  өндіргіш күштер және территория арасында неғұрлым жалпылаған ара қатынастар болып табылады.

Экономикалық дамудың қазіргі замаңғы жағдайы үшін  өндіргіш күштердің неғұрлым тиімді орналастырудың маңызы зор, себебі ол өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етіп, табиғи ресурсты потенциалды  рационалды және сақтаулы қолдануы, тұрғындардың экологиялық өмір сүру жағдайларын сақтап жетілдіруі барысында неғұрлым жоғары табыстылыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта табиғи ресурстарды кешенді қолдану, шикізат пен отынды қайта өндеу барысында қалдықсыз технологияларды еңгізуге мүмкіндік береді.

Өндірісті қазіргі замаңғы жағдайда қалыптасып жатқан нарық жағдайында орналастыру барлық шаруашылық жүйенің құрылымдық қайта құрылысын, экономиканы социологизациялау,  ҚР жеке жеке аймақтарының экономикалық даму деңгейін барынша теңдестіруді білдіреді. Шаруашылықтың территориялық құрылымын жетілдіру, кез келшег аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының рационалды үлестіруді қамтамасыз ету Қазақстанның  шаруашылық ешенінде олардың өзара әрекет жасасуын жетілдіруге, аймақтық өндірістік буындарды қалыптастыруға, табиғи және экономикалық ресурстарды рационалды түрде игеруге  бағытталуы керек.

Нарық жағдайында өндіріс пен өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың маңызды заңдылықтарына жатады:

Өндірісті рационалды, неғұрлым тиімді орналастыру;

Қазақстанның барлық аймақтарының, экономикалық аудандарының шаруашылығын кешенді түрде дамыту;

Аймақтар арасында және аймақ ішінде еңбек бөлінісін рационалды және территорияға сай бөлінуі;

Аймақтардың әлеуметтік, экономикалық дамуын теңестіру.

Өндірісті рационалды неғұрлым тиімді түрде орналастыру өндірісті өндіруде кездесетін шығындарды барынша қысқарту, нақты территорияда өндірістің барлық сатыларын, шикізатты өндеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейін орналастыру. Қазақстанның алуан түрлі аймақтарында табиғи ресурстар өзінің қорларының көлемі, пайдалы компоненттері бойынша, тау геологиялық орналасуы бойынша ерекшеленеді. Бұл бағытта  өндірісті шикізат, отын, энергия және тұтынуға жақындататын көлік жағдайларының маңызы зор болады. Сонымен қатар өндірісті орналастыруға өндірісті тасымолдауға жұмсалатын көлік шығындарының маңызы зор, себебіеліміздің зор көлемді территориясы мен пайдалы қазбалардың біркелкң емес орналасуы мұнда өз септігін тигізеді.

Осыдан зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: өндіргіш күштерді тиімді орналастыру проблемалары және оны шешудегі жалпы мемелкеттік мүдделерді есепке алу

Зерттеу міндеттері

Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың теориялық негіздемесіне талдау жасау;

Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың заңдылықтары мен принциптерін зерттеу;

Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың факторларына талдау жасау;

Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудағы мемлекеттік реттеуді қарастыру;

Өндіріс пен өндіргіш күштерді тиімді орналастыру бойынша бағдарламаларна талдау жасау;

Аймақтық экономикада өндірісті тиімді дамыту бойынша шараларды зерттеу;

Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудағы мемлекеттік реттеу бағытындағы проблемалар мен даму жолдарына сараптамалық анализ жасау.

Іздеу