Өндіріс және игілік түсінігі, мәні (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Өндіріс және игілік түсінігі, мәні 5
1.1 Өндіріс түсінігі, мәні 5
1.2 Игілік түсінігі, мәні 13
2 Қоғамдық игіліктер өндірісінің теориялық негіздері 15
2.1 Қоғамдық игіліктердің түсінігі және мәні 15
2.2 Қоғамдық өндіріс түсінігі және мәні 16
3 Қоғамдық өндірістің тиімділігі мен нәтижелілігін
қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл – ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жадайын сақтап, оның ресурстарын тиімды пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты.

 Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр.

Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

  • сол өнімді дайындайтын табиғи зат
  • өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
  • адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
  • аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.

Игіліктер  қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал. А.Маршал игіліктер жайлы: «адам қажеттіліктерін жүзеге асыратын керекті құрал» деп атап кетсе, Ж.Бэй «адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған қолымыздағы бар мүмкіншіліктер» деп атап кеткен. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір құрал-сайманның қасиеті оны игіліктерге айналдырмайды. Бұл мәселеге зейін салып, терең зерттеген австриялық мектеп түлектерінің бірі К.Менгер. Мәселен, женьшенның тамыры адамның көңіл-күйінің көтеретіңкі жүруіне ықпал етеді. Алайда, адамдардың женьшеннің мұндай қасиеттерін анықтамайынша, ол игіліктер қатарына жатқызылмады. Белгілі бір заттың адам қажеттіліктерін қанағаттандыру алуы адам ақыл-санасымен түсініліп, мойындалуы керек.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады

Зерттеудің мақсаты: қоғамдық игіліктердің бірін бірі алмастырылуы және толақытырылуын  зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • игіліктердің теориялық негіздерін зерттеу;
  • игіліктердің түсінігі және мәнін ашу;
  • Қоғамдық өндіріс және қоғамдық игіліктерге талдау жасау;
  • Нарықтық экономика жағдайындағы игіліктерге талдау жасау;
  • Қоғамдық өндірістің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдарын көрсету

Іздеу