Реттелетін нарықтық экономика (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Реттелетін нарықтық экономиканың теориялық аспектілері 5
1.1 Мемлекет нарықтық экономиканың субъектісі ретінде 5
1.2 Реттелетін нарықтық экономиканың теориялары 7
2 Экономиканы мелекеттік басқаруда орталық
органдар құрылымы 10
2.1 Заң шығару органдар қызметі 10
2.2 Атқару билігі органдарының қызметі 11
2.3 Сот билігі органдарының қызметі 14
3 Экономиканы басқаруда орталық органдар
қызметін жетілдіру жолдары 17
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Шынайы нарықты реттеудің минималды қажетті шеңбері ақша айналымының ұйымдастырылуымен, қоғамдық товарлардың өндірісімен және сыртқы эффекттерді жою деңгейімен анықталады. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының максималды шеңбері табыстарды қайта реттеумен, жұмысбастылықтың белгілі деңгейімен, монополизмге және инфляцияға қарсы тұруымен, фундаменталды зерттеулер дамуымен, әлемдікэкономикада ұлттық мүдделерді іске асыруымен реттеледі.

Мемлекет экономикалық және әкімшілік әдіс тәсілдер арқылы өзінің қызметін атқарады. Олар өзара байланысқан және сонымен қайшы жақтары да аз емес. Кейбір кезде әкімшілік тәсілдерді қолдану нарықтық механизмге қайшы келетін жағдайлар да туындайды..

Экономиканы басқару ол қоғамды басқарудың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да экономиканы басқару аппараты, басқару органдар мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық басқару органдары ретінде қоғамныңбасқа салаларындағы процесстермен тікелей байланыс жасайды. Сол сияқты билік органдары экономиканы басқарады.

Билік органдар әдетте үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі. Олардың әрқайссысы  экономиканы басқаруға тікелей немесе жанама қатысы бар.

Республика деңгейіндегі зң шығарушы органдар заңдар, заң актілерін, жарғылар қабылдайды. Заң актілері экономиканы басқаруда қолданылатын принциптеррі, нормалары, қағидаларын анықтайтын баптарды қамтиды. Яғни осылайша заң шығарушы органдар экономиканы басқарады, экономикалық қатынастарды іске асыратын, экономикалық қызметтің заңнамалық ережелерді бекітетін заңдарды шығару арқылы экономиканы басқарады.

Жалпы алғанда экономиканы басқаруда заң шығарушы органдар мақсатты, тиімді және нәтижелі заңдарды шығару ролін атқарады.

Атқарушы органдар экономиканы басқаруда тікелей қатысады. Себебі олар заңдарды іске асырады. Атқарушы билікті Елбасымыз іске асырады, ал мемлекет шеңберінде экономиканы Үкімет басқарады. Үкіметтің басында Премьер министр Министрлер кабинетін басқарады, сонымен оның орынбасарлары, вице министрлер үкіметті басқаруға тікелей қатысады.

Жоғары атқарушы органдар экономиканы президенттік жарғылар арқылы, Үкіметтің ережелері, жарғыларды іске асыру арқылы экономиканы басқарады. Сол арқылы мемлекеттің экономикалық қатынастарын, сыртқы экономикалық байланыстарды, экономикалық ресурстарды тиімді қолдануды, әлеуметтік проблемалар шешуді, өндіріс саласында оперативті тиімді шешімдерді қабылдауды іске асрады.

Үкіметпен қатар экономиканы атқарушылық басқару мәселелерінің жеке жақтарын министрліктер, мемлекет ведомстволары шешеді.

Министрліктер және ведомстволар (комитеттер, департаменттер,басқармалар) салалық, территориялық және қызметтік болып бөлінеді. Салалық министрліктер мен ведомстволар шаруашылықтың белгілі салаларымен, ал территориялық ведомстволар территориялармен басқарады. Қызметтік минстрліктер мен ведомстволар қорғаныс, қауіпсіздік, банктер, шет істер, сыртқы байланыс, ішкі істер, экономиканың жалпы проблемаларымен,  әлеуметтік қамсызданумен, мемлекеттік статистикамен шұғылданады.

Сот және құқық органдар  экономиканы басқару ісіне қатысуы, олар заңдарды орындау және қадағалауды іске асырады. Олардың бұзушылығын шек қояды, қайшылық жағдайды қарастырады, еңбек, мүлік, ақшалай бәсекелестіктер мен дауларды шешеді.

Сол сияқты басқарушылық органдардың мүлтіксіз қызметтің орындалуына байланысты экономикалық жүйенің қызметі тәуелді. Яғни зерттеу жұмысының терең тәжірибелік  және теориялық өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: экономиканы басқаруда орталық органдар қызметі.

Зерттеу  міндеттері:

  • Реттелетін нарықтық экономиканың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Мемлекет нарықтық экономиканың субъектісі ретінде қарастыру;
  • Реттелетін нарықтық экономиканың теорияларын талдау;
  • Экономиканы мелекеттік басқаруда орталық органдар құрылымын талдау;
  • Заң шығару органдар қызметіне талдауберу;
  • Атқару билігі органдарының қызметін зерттеу;
  • Сот билігі органдарының қызметіне шолу жасау;
  • Экономиканы басқаруда орталық органдар қызметін жетілдіру жолдарын  талдау жасау.

Іздеу