Рынок дамуындағы мәселелер, оларды жетілдіру жолдары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Рыноктің теориялық аспектілері 5
1.1 Рынок мәні 5
1.2 Рынок құрылысы 8
2 Постсоциалистик экономикада рыноктің
қалыптасу механизмін талдау 16
2.1 Постсоциалистик экономикада рыноктің даму ерекшеліктері 16
2.2 Рынокті мемлекеттік реттеудің механизмі 20
3 Рынок дамуындағы мәселелер, оларды жетілдіру
жолдары және дамыту бойынша ұсыныстар 31
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 37


Кіріспе

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының рыноктық болуымен ерекшеленеді. Рыноктық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден рыноктық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік рыноктан толығымен оқшауланған еді.

Рыноктың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойлыды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: рынок мәні, құрылысы, постсоциалистик экономикада қалыптасу механизмі

Осы курстық жұмыста мына міндеттерді  орындаймын:

  • Тауар өндірісінің, тауардың және оның құнының негіздерін қарастыру. Рынок және айырбастың пайда болу тарихын зерттеу;
  • Рыноктық мәнін анықтау, оның функцияларын, рыноктық ұйымдастырудың негізгі мақсатын, рынок түрлерін зерттеу;
  • Рыноктың тиімді және тиімсіз жақтарын, рынок инфрақұрылымын, рыноктық экономиканық ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық бағдарлауын зерттеу;
  • Рынок негіздері, оның функциялары және қоғамдағы рөлі туралы қорытынды жасау.

Осы тақырыпты зерттей отырып, рынок тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.

Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде адамзат өзінің өмір сүрген тарихының көп бөлігін рыноксыз өткізгенін, тек табиғи шаруашылық дамығанын көсетіледі. Кейін тауар шаруашылығы өтіп кетті, нәтижесінде экономикалық субьект жеке мүдделеріне жетуге тырысуға бастады және олар өзара еңбекті тауар өндірушілер арасында бөлді. Алғашында айырбас дамыды, оның дамуы рынок құрылуына алып келді. Рынок өзіне тән бәсекелестік арқылы тауар шаруашылығына берік негіз бола білді. Рынок – көп өлшемді ұғым, сондықтан оған нақты анықтама беру біршама қиынға соғады.

Екінші бөлімде бірнеше функция орындай алатын рынок негізі туралы айтылады. Экономикада рыноктың келесі түрлерін атаған жөн: еңбекті қоғамдық бөліністен бәсекелестікті шектеу және бағдарлану деңгейіне, рыноктық айырбас етуі ұйымдастырылуына, заңдық нормалардың сәйкестігіне, рыноктық қатынастардың обьектілерінің арналуына байланысты бөлінеді. Рыноктың осы аталған түрлері өзара байланысқан және экономиканы толығымен қамтамасыздандыратын жүйе ретінде қолданылады.

Үшінші бөлімде рыноктың оң және теріс жақтары қарастырылады. Рынок дамуы оның күрделенуіне алып келді, сол себепті жаңа құрылған инфрақұрылымы да күрделене түсті. Рыноктық экономика мемлекеттің бағдарлауынсыз жұмыс істеп, өмір сүруі мүмкін емес.

Құн  заңы қоғамға қажетті еңбектің бағасының қатынасын білдіреді. Қандай да болсын тауарды өндіруге қаншама еңбек күші кетсе, соншама оны төлеп өтеу қажетсін. Бірақ, сауда-саттық процесіне тек еңбек күші ғана емес, басқа да көптеген факторлар: тауар сапасы, сұраныс пен ұсыныс қатынасы, баға саясаты шығарылған қағаз ақша мөлшері әсер етеді. Сондықтан шын құнын әрқашан оның бағасындай емес, бірақ баға құнның маңайында орналасады.

Іздеу