Сапаны басқаруды талдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ 3
1 Өнім сапасының теориялық аспектілері 5
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік 5
1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері 7
1.3 Өнім сапасына қойылатын талаптар 10
2 Сапаны басқаруды талдау 11
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─
өнім сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде 13
2.2 Кәсіпорын қызметі жөнінде мәлімет 18
2.3 «Сладко» ЖШС кәсіпорының өнімдерінің сапасын талдау 22
3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға
арналған шаралар және оның экономикалық және
әлеуметтік тиімділігі 27
3.1 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатудың негізгі мәселелері 27
3.2 Кәсіпорындағы өнім сапасын жетілдіру жолдары 29
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ҚОСЫМША А Кәсіпорында кондитерлік
өнімнің сапасына әсер ететін факторлар 35
ҚОСЫМША Б Өндіріс стадиялары 36


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.

Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда    егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді.  Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Қазіргі жетілмеген,  бағалық емес бәсеке  жағдайында  өндірістің  шығындары  азайту  арқылы  пайданы  көбейту  жолын  іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында  бәсеке  болғанда  ерте ме  кеш не фирма  үшін  төлем төлей  алмау әкеледі.

Әлемдік  қауымдастықтың  қазіргі  экономикасы  өтпелі  экономика  ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді  қосып  алып  нарықтық экономикаға  өтуде, дамушы елдердің  бір қатары  дамудың  индустриалдыға  дейінгі  деңгейіннен  индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды  дамыған елдер  индустриалдықтан ақпараттық  дәуірге өтуде.

Ақпараттық  дәуірде  тұтынушылардың  мұқтаждықтары мен  сұраныстары көн  қырлы  және ұлттық  рыноктар  рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі  өзіндік сипат  алып  және  де өзінің  құрылымы бойынша  әр түрлі  болуда.

Фирма, егер  ол нарықта  үлгеруге  ұмтылса, мына  ережені  бұлжытпай  орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді,  шығындарды азайту арқылы емес,  сату көлемін  арттыру болса да.

Өз кезегінде бәсекеге жармдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Зерттеу мақсаты: өнім сапасы және тауардың бәсеке қаблеттілігі

Зерттеу міндеттері:

  • өнім сапасының теориялық аспектілерін зерттеу;
  • өнім сапасы туралы түсінікті ашу;
  • сапа қасиетінің көрсеткіштерін зерттеу;
  • сапаны басқаруды талдау.

Іздеу