Тауарлы шаруашылық пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері (Реферат)

Кіріспе 3
І-бөлім. Тауар шаруашылығының пайда болу түрлері.
1.1. Натуралды шаруашылыққа сипаттама. 4
1.2. Тауар шаруашылығының пайда болуы, шарты. 6
1.3. Тауар шаруашылығының негізгі белгілері, модельдері. 8
1.4. Жай және капиталистік тауар өндірісінің айырмашылығы 11
мен ортақ белгілері.

ІІ-бөлім. Тауар – тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде.
2.1. Тауар туралы теориялар. 14
2.2. Тауар мәні және оның қасиеттері. 16
2.3. Тауарға сіңген еңбекгің екіжақтылығы. 19
2.4 Тауар құнының мөлшері. 21
Қорытынды. 23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 24


Кіріспе

Тауар –назар аудару, иелену, пайдалану және тұтыну үшін нарыққа шығанған мұқтаждық пен тұтынысты қанағаттандыруға арналған барлық ұсыныстарды айтамыз.

Осы курстық жұмысымның басты мақсаты тауардың мәні мен түрлерге бөлінуін, сипаттау, сол сияқты негізгі ғалымдар еңбекгі мен теорияларын терең ашып беру мен көрсету болып табылады.

Бұл курстық жұмыста негізінен сипатталады: І-бөлімде “Тауар шаруашылығының пайда болу түрлері”. Бұнда натуралды тауар шаруашылығы мен  тауар шаруашылығын пайда болуына, сонымен қатар жай және капиталистік тауар өндірісінің негізгі айырмашылықтарымен ортақ белгілері баяндалады. Оқи келе тауардың типтері мен  моделдерінің мәнінің  толықтай ашылып,анық сипатталғанын көресіз.

ІІ -бөлімде, Тауар –тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде. Осы бөлім тауардың қасиеттерін, тауар туралы еңбек жазуда өз үлестерін қосқан К.Маркс пен Менгер тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінен көреміз. Тауарға сіңген еңбектің екіжақтылығын, құн мөлшері туралы мағлұматтар баяндалады.

І-бөлім. Тауар шаруашылығының пайда болуы түрлері.

1.1. Натуралды шаруашылыққа сипаттама.

Натуралды шаруашылыққа қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы  қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде  еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына  келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың  оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.

Натуралды шаруашылықтың өнімі өндірушінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналады. Мұндай шаруашылықты томаға тұйық, өнімді өз қажеттеріне ғана жұмсаған алғашқы қауымда және феодалдық қоғамда үстем болды. Қазіргі заманғы ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылықтары да жартылай натуралды өндіріске жатады.

Натуралды шаруашылық тұйық және жеке шаруа төңірегінде шоғырланады да, басқалармен қоғамдық байланысы шамалы болады. Жұмыскерлер мұндай шаруашылыққа жіпсіз байланып, соның төңірегінен асып кете алмайды. Еңбек олардың тар шеңберінде ғана қоғамдық сипат алады, сондықтан өндірістің кері тартпалықтары көрінеді.

Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы, бақшалардың натуралды шаруашылығы өнімді тек өз үүшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол қсақ тауар өндірісіне айналады.

Натуралды шаруашылық өндірісі, өндірушіоер шығарған өнімін рынокқа сату үшін емес, өздерінің мұқтаж қажетін өтеу үшін  ұйымдастырған өндірісті натуралды шаруашылық деп атаймыз. Осындай шщаруашылық формасы алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдістерінде басым болды. Осы күнге дейін эканомикасы әлсіз сондай-ақ жоғары дамыған кейбір елдерде сөз болып отырған шаруашылықтың қалдықтары да әлі күнге дейін жалғасуда.

Іздеу