Тауарлы-материалдық қорлар аудиті (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе......................................................................................................................3

I. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...............4
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.8

II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.

2.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.............................11
2.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.......14
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті.........18


Қорытынды..........................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................28


      Осы курстық жұмыстың тақырыбы “ Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорлар есебінің  дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады.

      Осы курстық  жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады:  бірінші бөлімінде  “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып  өндірілген өнімнің өзіндік құнына  құны түгелдей кіріп, оның материалдық  негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.

     Екінші бөлімінде тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті, тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы, тауарлы-материалдық қорлар есебінің  аудиторлық бағдарламасы қамтитын басты мәселелеріне тоқтала кетеміз.Оладың қоймадағы есебінің аудиті, тауарлы - материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың  және түгендеудің аудиті қаралады.

     Аудитор тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы қолда бары туралы жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұл аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

     Тауарлы- материалдық қорлардың қорытындыларының аудиті толығымен, зерттеліп қарастырылды. Аудитордан әр түрлі мақсаттарға  қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.

    Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын  тексерумен тығыз байланысты.

    Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, олардың бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық  болуы мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны  қорларды сатып алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау,  өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.

     Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.

     Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан-жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылады.

Іздеу