Ұсыныс және сұраныс икемділігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ұсыныс және сұраныс икемділігінің теориялық аспектілері 5
1.1 Ұсыныс және ұсыныс экономикалық
категория ретінде 5
1.2 Ұсыныс және сұраныс заңы 7
2 Ұсыныс және сұраныс икемділігі 10
2.1 Ұсынысқа және сұранысқа әсер етуші факторлар 10
2.2 Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуі 14
3 Нарықтық тепе-теңдік орнауының механизмі 18
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24


Кіріспе

«Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен» экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыруымыз керек» деген елбасы Н.Назарбаев өзінің биылғы жолдауында. Міне бұл дегеніміз елбасының мемлекет алдына бәсекеге қабілеттілік жөнінен қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің құрамына кіру» стратегиясы елбасының Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған тапсырмалардан туындайды.

Рыноктық экономика – бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы. Мұндай қарым-қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып көрсетіледі.

Расында-ақ кез келген сатып алу-сату актісіне “ұсыныс” феномені қатысады, ол арқылы рыноктағы мәмілесінің көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ұсыныс нарықта сұраныспен тікелей байланысты. Ал рыноктық экономика бағалардың динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) мен ұсыныс шамасын (өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге болады. Бұл макро және микроэкономика үшін әділді болып саналады.

Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның ұсыныс анализіне көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы байланыстыратын жіп болып табылады.

Экономикалық ғылымда нарықтағы ұсынысқа қатысты мәселелердің бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.

Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын, негізінде бағалар қаланатын ұсыныс моделін атақты бір автор былай деп түсіндірді: «мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты шындықты көрсетуінде емес, анық және бірмәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы өмірдің маңызды аспектілерін көрсетеді».

Бәсеке  жағдайындағы бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін ұсынысқа талдау жасау керек. Ұсыныс  бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарықтық механизм – сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және ұсыныстың негізінде құрылады.  Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы  баланыстылықты қамтамасыз етеді. Бұл баланстылық сыртқы құбылыста сұраныс пен ұсыныс арасының сәйкес болуы ретінде көрінеді. Міне, сондықтан да мен бұл жұмысымда сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері, нарықтық тепе-теңдік тақырыптарына толықтай тоқталатын боламын

Біздің елімізде рынок енді дамып келе жатқандықтан ұсынысты зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге ұсыныс зерттеулерінің нәтижесін практикада пайдалана білу де өте маңызды. Қазіргі кезде ұсыныс туралы мағлұматсыз практикада бірде – бір фирма өмір сүре алмайды. Бұл курстық жұмыс тақырыбының терең өзектілігін байқатады. Міне, сондықтан мен осы проблеманы тереңдеп оқығым келді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ұсыныс және оның икемділігі

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталады:

  • Ұсыныс және сұраныс икемділігінің  теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Ұсынысты және сұранысты экономикалық категория ретінде қарастыру;
  • Ұсыныс және сұраныс заңына талдау жасау;
  • Ұсыныс пен сұраныс икемділігін зерттеу;
  • Ұсынысқа және ұсынысқа әсер етуші факторларды зерттеу;
  • Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінталдау;
  • Салық ауыртпашылығының сұраныс пен ұсыныс икемділігіне тигізетін ықпалы

Іздеу