Фирма шығыны мен кірісі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе………………………………….3-4
І тарау. Фирма экономикасының теориялары.
1.1. Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі……5-7
1.2. Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту……………8-11
1.3. Фирма ішкілік жоспарлау теориясы………………………...12-14

ІІ тарау. Фирма шығыны мен кірісі.
2.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері………………………15-16
2.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары……….………..17-18
2.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі………………………..………19-20
2.4. Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы………………………...21-22

ІІІ тарау. Фирма қызметінің пайдалылығы……………………………23-24
Қорытынды……………………………………………………………….25-27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе

Қайбір кәсіпорын болмасын  өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс.  Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі.  Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді.   Ол   кәсіпкерлік   қызметінің   экономикасы   мен   ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

Микроэкономикалық  талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті үйымдастыруды зерттеу болып  табылады.

Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс — белгілі баға бойынша түтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет  көрсетуді  жеткізу.

Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жүмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.

Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетугс өзінің алдына мақсат етіп  қояды.

Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макрозкономикасы аралас эономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде үйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді.  Өйткені,  аралас  экономикада   өндірістің  өнім   көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.

Курстық жұмыстың мақсаты, фирманың шығындары және олардың түрлері, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.

Курстық жұмыс екі үлкен тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу