Фирманың жалпы тепе тендігі талдауы, өндіріс нәтижелілігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Фирма микроэкономикалық субъект ретінде 5
1.1 Фирма түсінігі, қызметі, түрлері 5
1.2 Жетілген бәсекелестік жағдайындағы фирма қызметі 6
2 Фирманың жалпы тепе тендігі: талдауы,
өндіріс нәтижелілігі 10
2.1 Қысқа мерзімде фирманың тепе тендігі 10
2.2 Ұзақ мерзімде фирманың тепе тендігі 13
2.3 Фирманың өндіріс нәтижелілігі 14
3 Фирманың өндіріс нәтижелілігін жетілдіру жолдары 20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25


Кіріспе

Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бөсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.

Әлемдік қауымдастықгың казіргі экономикасы етпелі экономика ретівде сипатталады: бір елдер, бүрынғы социалистік еддерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір катары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, индустралды дамыған елдер индустралдықтан ақпараттык Дәуірге өтуде.

Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мүқтаждыктары мен сұраныстары көп кырлы және ұлтгық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.

Фирма, егер ол нарыкта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды кобейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру аркылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы факторлар өзара байланысты болса да.

Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қавдай талантгары мен қабілеттері болғанымен, бағалык емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының күрылымында біршші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис койылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметгің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:

  • біріншіден, улкен икемділігі, өнім ассортимегаін тез езгерту және енімді жиі жанарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнін қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі түтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем телей алмауға әкеледі;
  • екіншіден, фирма жаңа технология мен ендірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтьшуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма енімдерінің бәсекеге кабілеттілігі туралы мәселе шынымен койылған жағдайда қажет етеді;
  • үшіншіден, фирмаға өзінің енімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистін деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана койған жок,және де езінің сипатын түбірімен өзгертті.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: фирманың жалпы тепе тендігі: талдауы, өндіріс нәтижелілігін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Фирманы микроэкономикалық субъект ретінде зерттеу;
  • Фирма түсінігі, қызметі, түрлерін анықтау;
  • Жетілген бәсекелестік жағдайындағы фирма қызметіне талдау жасау;
  • Фирманың жалпы тепе тендігі: талдауы, өндіріс нәтижелілігін зерттеу;
  • Қысқа мерзімде фирманың тепе тендігін көрсету;
  • Ұзақ мерзімде фирманың тепе тендігінанықтау;
  • Фирманың өндіріс нәтижелілігін көрсету;
  • Фирманың өндіріс нәтижелілігін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде фирманыңжалпы тепе тендігінің теориялық  аспектілері қарастырылды. Екінші бөлімінде ұзақ мерзімдіжәне қысқа мерзімді кезеңде фирманың нарықтық бәсеке жағдайындағы тепе тендігіне талдау жасалды. Зерттеу жұмысының үшінші бөлімінде фирманың өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары анықталды.

 

Іздеу