Шаруашылық қызметінде пайда болатын табыс есебі, құжаттамалары, есептелуі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Шаруашылық субъектісінің табыс құрамы,
пайда болуы, түрлері 5
1.1 Шаруашылық субъектісінің табыс құрамы,
ХҚЕС бойынша қағидалары 5
1.2 ХҚЕС бойынша табыстың қаржылық есеп
беруде көрсетілуі, ашылуы 11
2 Шаруашылық қызметінде пайда болатын табыс есебі,
құжаттамалары, есептелуі 14
2.1 Негізгі қызметтен түскен табыс есебі, құжаттамалары 14
2.2 Негізгі емес қызметтен түскен табыс есебі,
құжаттамалары, есеп регистрлері 15
2.3 Табыстардың қорытындысын жасау есебі 17
2.4 Табыстың талдауын жасау 19
3 Тәжірибелік бөлім 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Бұл бағытта бухгалтерлік есептемелерінде табыс есептерін көрсетудің маңызы өсе түседі.

Осыған орай  кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп және аудит саласында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу процессі басталды.

Батыс компаниялар тарапынан бухгалтерлік есептілік жасау тәжірибесі онжылдықтар бойы іске асырылды. халықаралық стандарттар бойынша құрастырылған есептілік  компания қызметінің  қыржы нәтижелері жөнінде толық көрініс береді.

Батыс компаниялар тарапынан ұсынылған есеп жасаудың формаларын танып білу Қазақстанда бірлескен және шетелдік компаниялардың пайда болуына шарттас. Әрине халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшу өтпелі экономика жағдайын есепке алуымен қатар жүргізіледі.

Сондықтан да бастапқы кезеңде қазақстандық және шетелдік стандарттар қатар іске асырылды. Қазақстандық және шетелдік стандарттар арасында көптеген принициалды ерекшеліктер бар, сондықтан да бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу барысында бұл ерекшеліктерді жоюға тиісті.

Шетелдік тәжірибе бухгалтерлік есеп саласында  есептік проблемаларды шешудің бірнеше жолдарын қарастырады. Сол сияқты принциптер мен әдістеме алуан түрлі деңгейде барлық Батыс елдерінде қолданылады.

Халықаралық қаржы есеп стандарттарында  табыс категориясын 1982 ж. бекітілген 18-«Табысты тану» IAS Халықаралық стандарты ашып сипаттайды

Осыдан зерттеу жұмысымыздың мақсаты табыстың ХҚЕС бойынша қағидаларына талдау жасау, оны есептемелерде ашудың ерекшеліктері көрсету болып табылады

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталады:

  • шаруашылық субъектісінің табыс құрамы, пайда болуы, түрлеріне сипаттама беру;
  • шаруашылық субъектісінің табыс құрамы, ХҚЕС бойынша қағидаларын ашу;
  • ХҚЕС бойынша табыстың қаржылық есеп беруде көрсетілуі, ашылуына шолу жасау;
  • шаруашылық қызметінде пайда болатын табыс есебі, құжаттамалары, есептелуін көрсету;
  • негізгі қызметтен түскен табыс есебі, құжаттамаларына талдау жасау;
  • негізгі емес қызметтен түскен табыс есебі, құжаттамалары, есеп регистрлеріне назар аудару
  • табыстардың қорытындысын жасау есебін көрсету;
  • табыстың талдауын жасау.

Іздеу