Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні
1.2 Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі
1.3 Шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың орны мен рөлі
2.1 Сақтандыру нормативті-қүқықтык базасы
2.2 ҚР – да сақтандыру кәсіпорындардың қызметтің ұйымдастыру
2.3 2004-2007 жылдағы ҚР-дағы сақтандыру нарығының қызметің талдау
3 Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелері
3.1 ҚР сақтандыру нарығының негізгі мәселелері
3.2 Болашақта әлеуметтік сақтандырудың дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданған әдебиет тізімі


Кіріспе

Экономикалық әдебиетге сақтандырудың пайда болу уақыты туралы бірнеше көзқарастар бар. Біреулер сақтандыру капитализмге дейінгі формацияларда пайда болды деп айтады. Басқалары сақтандыру капитализмнен кейін пайда болды дейді.

Тарихи сақтандырудың екі негізгі нысаны болады:

-   сақтандырушылық өзара көмек. Ол оның қатысушылары арасында өзара көмек туралы бір реттік келісімдер сипатьгада болды. Сонымен қатар, ол  натуралды сипатқа ие болып, залалды өтеу сақтандырудың қатысушылары арасында кейінгі жайып салу негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымактастық бастаулар негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.

Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:

  • қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
  • залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған ұшыраған адамға компенсациялау;
  • сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен қалыптасады және осы  қордың  қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.

Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің қүнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.

Экономикалық әдебиеттерде сақтандыру ұзақ уақыт бойы қаржылық санат ретінде қарастырылды. Бүл сақтандыру операцияларын жүргізуге мемлекеттік монополияның болуымен және сақтандыру қор қаражаттарының көбінесе мемлекетгік бюджеттік тапшылықты жабу мақсатында мемлекетпен алынатындығымен шарттасылған еді. Соңғы кезде экономикалық әдебиеттерде сақтандыру жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты сақтандыруды үйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, ұлттық сақтандыру нарығының дамуында ерекшеліктер мен үрдістерді аныкгау, сақтандыру сферасындағы қаржылық қатынастарды зерттеу ерекше көкейкесті болады.

Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек. Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын жэне жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы жэне ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.

«Сақтандыру» бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі қолайсыз құбылыстардьщ залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның мәні, сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы, ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипатгамасы, сақтандырудың негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі әдістері қарастырылған.

Іздеу