Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экономикалық заңдардың теориялық аспектілері 5
1.1 Экономикалық ой пікірлердің қалыптасуы 5
1.2 Экономикалық теорияның негізгі бағыттары 10
2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар 13
2.1 Адамның қызметіне байланысты экономикалық заңдар 13
2.2 Экономикалық ғылымындағы негізгі категориялар 17
3 Қазақстан экономикасын экономикалық заңдарға сай дамыту мәселелерін жетілдіру жолдары 22
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да оқу пәніне де методология дегеніміз-ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жартылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Шын мәнісінде ғылым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап, қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлады деген сөз. Ғылыми дамудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объетивті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдық қатынастардың негізі- өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өңдіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік- экономикалық қатынастарды зерттеу.

Экономиканы мектеп бағдарламасы бойынша оқытуда оқушылардың  пәнге, ғылымға деген қызығушылығын танытатын, экономиканың тарихи даму кезеңдерінің ерешеліктері. Экономикалық ой – пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған.

Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқада ойшылдардың еңбектерінде берілген «экономия»терминін алғаш ұсынған Ксенафонт, мұның мағынасында үй шаруашылығы (ойкос-үй, шаруашылық, номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де негізделді, ол шаруашылықты екі түрге бөледі, экономия және хрематистика пайда болады.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі –ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді.

Индукция мен дедукция. Ғылымда оның ішінде экономикалық ілімде жеке поцестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәріде өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады

Зерттеу жұмысының мақсаты: экономикалық заңдар, олардың пайдалану механизмі мен тиімділігін зерттеу

Зерттеу міндеттері

  • Экономикалық заңдардың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Экономикалық ой пікірлердің қалыптасуын зерттеу;
  • Экономикалық теорияның негізгі бағыттарын ашу;
  • Экономикалық заңдар және экономикалық категорияларна талдау жасау;
  • Адамның қызметіне байланысты экономикалық заңдарға сипаттама беру;
  • Экономикалық ғылымындағы негізгі категориялардықолдану;
  • Әлемдік қаржы дағдарысы аясында Қазақстан экономикасын дамыту мәселелерін ашу.

Іздеу