Адамзаттың ғаламдық проблемалары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................................3

І бөлім. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар және экология........4
1.1 Әлем елдерінің даму деңгейлері...............................................................4
1.2 Қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану......7
1.3 Ғылым және өнеркәсіптің дамуы.............................................................8

ІІ бөлім. Адамзаттың ғаламдық проблемалары.........................................12
2.1 Елдердің саяси-географиялық жағдайлары ғаламдық мәселе ретінде.............................................12
2.2 Мемлекеттер арасындағы «жер дауы» және олардың шешілуі.......13
2.3 Халықаралық қатынастардағы бейбітшілік мәселелері...................18
2.4 Экономикалық даму жағынан артта қалған «кедей» мемлекеттер........................................21
2.5 Демография және экологиялық проблемалар......................................23

Қорытынды........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................31


Кіріспе

Ғаламдық проблемалардағы аспектілердің бірі геосаяси қауіпсіздік болып табылады. Геосаяси қауіпсіздік бұл белгілі бір аймақ немесе мемлекет мүдделерінің қорғаныстағы күйі. Геосаяси қауіпсіздік мәселелері ұлттық мәселелер шеңберн кеңейтетін түсінік. Өйткені, бұл белгілі бір сегменті болып табылатын жеке бір мемлекеттің қауіпсіздігін аймақтың қауіпсіздігінен тыс қарастыру мүмкін емес. Аймақтағы қаіпсіздік, тұрақытылық бетаылстары сол аймақта орналасқан мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін тигізеді.Геосаяси, аймақтың қауірсіздіктің негізі – аймақтағы геосаяси балансты қамтамасыз ету болып табылады. Қауіпсіздік пен демократия сынды ұғымдар арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылатын саяси қауіпсіздік арқылы көрініс табады.

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің сыртқы немес ішкі қатерлеріне төтеп беру мүмкіндіктерін демократиялық даму деңгейіне байланысты. Саяси жүйенің қатерлерге төтеп беру мүмкіндіктерін демократиялық институттардың қоғамға еніп, даму қарқындылығын анықтаушы фактор ретінде қарастыруға болады.

Биполярлық әлемнің күйреп, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңадан қалыптасқан геосаясат контекстінде әлемдік күштер баланысы, жаһандануымен бірге келген беталыстар жаңа пайда болған посткеңістік кеңістіктегі Орталық Азия мемлекеттерінің дамуын айқындаушы, жаңа бағыт қалыптастырушы кезең шеңберінде демократияландыру процесін жүзеге асыру мәселесі туындады. Өтпелі кезеңді бастан кешкен Орталық Азия мемлекеттері үшін қоғамда демократиялық институттардың пайда болып қана қоймай, қоғам дамуын жеделдетуші құрал ретінде көпфункциональды атқаруы маңызды болып табылатын құбылыс.

Демократияға өту процесі немесе демократизация бұрынғы авторитарлы жүйенің институтары мен принциптерін жоюшы құбылыс ретінде ғана емес, демократия белгілері деп танылған элементтердің үздіксіз өзгерістерге саяси жүйенің адекватты жауап қайтарып, өміршеңдігін қамтамасыз етуші процесс ретінде қарастырылуы қажет. Демократиға өту әдістері түрлі эволюциялық көпке созылмалы, деструктивті деңгейдегі революционды көпке созылмалы болуы мүмкін.

Курстық жүмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Әлем елдерінің экономикалық жіктелуін қарастыру;
  • Адамзаттың демографиялық процестерінің экологиямен байланысын анықтау;
  • Ғаламдық саяси-экономикалық қауіпсіздіктің алғышарттарын анықтау.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу