География курсындағы пәнаралық байланыстар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Жоспар

Кіріспе................................................................................................................3

І бөлім. Географияның әдіснамалық негізі және жіктелуі......................5
1.1 Географияны оқыту әдістемесіне қысқаша сипаттама.....................5
1.2 География пәндерінің өзара жіктелуі....................................................6

ІІ бөлім. География курсындағы пәнаралық байланыстар...................10
2.1 Географияның басқа ғылымдармен байланысының әдістемелік негізі......................10
2.2 Этнопедагогика элементтері география сабағында...........................13
2.3 Географияның информатикамен байланысы.....................................18
2.4 Географияның экологиямен өзара байланысы...................................21
2.5 Географияны оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар.....25

Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................30


Кіріспе

Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бір міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты.  Орта білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Жеке адамның дамытуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойлайнып шешім қабылдауға үйрену өзекті  мәселелердің бірі.

Жалпы оқу – тәрбие  жұмысын тиімді ету оқушылардың оқу-таным әректтерін белсендіру, оқуды ғылыми негізде  ұйымдастырудың және оқушылар мен  оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғарғы мектептің ғылыми әдістемелік негізгі  мәселелерінің бірі болып табылады.

Соған орай оқу үрдісінде пәнаралық байланыстар орнату – маңызды да күрделі міндет. Оның мәні оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады.

Тақырыптың өзектілігі. Педагогикалық әдебиетте пәнаралық байланыстың тұтас алғандағы психологиялық-педагогикалық және дүниетанымдық маңызыннегіздейтін материалдарды көптеп табуға болады. Пәнаралық байланысты іс жүзінде орнату әдетте пән мұғалімдеріне жүктеледі. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер әлі толық ашылған жоқ. Пәнаралық байланыстардың екі тобын бөліп көрсетуге болады.  Біріншісіне педагогикалық жоғары оқу орындарында бардарлама бойынша оқытылатын  мазмұндас пәндер (математика мен физика, биология мен география және басқа) арасыңдағы байланыстар жатады. Мұндай байланыстар тиісті пәндердің мұғалімдері үшін түсінікті болғандықтан ондай байланыстар орнату алып бара жатқан қиыншылық туғызбайды.

Мағыналары бір-бірінен алшақ жатқан, жоғары оқу орындарында әртүрлі факультеттерде оқытылатын пәндерді (математика мен география,  география мен тарих,  география мен сызу) байланыстыруда мәселе басқаша. Мұндай пәндерге қатысты,  негізінен, жекелеген,  қарапайым эпизодтық байланыстар орнатылады. Оларды салыстырғанда бұл байланыстар көзге ұрып тұрады.  Байланыстырылушы пәндерді тыңғылықты, кешенді зерттеуді қажет ететін анағұрлым күрделі, «терең» байланыстар орнату кез келген практик мұғалімнің қолынан келе бермейді. Бірақ дәл осындай байланыстар әдебиеттерде барынша аз қамтылған. Ал мұндай түрдегі байланыстардың көпшілігін пайдалану оқушыларды байланыстырылатын пәндер бойынша даярлаудың сапасы мен пәрменділігін, олардың дүниетанымдық дамуын елеулі түрде арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді.  Мұндай байланыстарды орнатуда және негіздеуде практик мұғалімдерге ғалымдар, мектепте оқытылатын түрлі пәндер бойынша мамандар мен әдіскерлер көмектесуі тиіс.

Қарастырылып отырған байланыстарды орнатудағы қиындықтарды мұндай байланыстардың көп жағдайда өзін-өзі басатын, дербес бөліктер болып табылмайтындығы,  олардың белгілі бір пәндерді соның ішінде байланыстырылушы пәндер ішіңдегі жекелеген курстар арасында (курсаралық) оқыту барысында жүзеге асырылатын байланыстардың басқа бөліктерімен белгілі бір,  кейде барынша күрделі қарым-қатынаста болуы қиындата түседі.  Бұл жерде жиынтық түрде оқушылардың оларды даярлаудың жекелеген маңызды қырларын  меңгерулеріне бағытталған байланыстардың белгілі бір кешендерін бөліп көрсетуге болады.  Бұл тұрғыда оқушылардың бойында картографиялық білімдер мен біліктіліктерді мақсатты түрде қалыптастыруды  қамтамасыз ететін, ал оны негіздеу қиын емес, пәнаралық және курсаралық байланыстар кешені мысал бола алады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Географияның педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау;
  • География курсының пәнаралық байланыстарын айқындай отырып, ғылыми тұрғыдан сипаттама беру;
  • Географияның басқа пәндермен байланысын көрсету.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу