Географиядан сыныптан тыс жұмыстар және оларға сипаттама (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе........................................................................................................3

І бөлім. География пәндері жүйесіндегі сыныптан тыс жұмыстар...........5
1.1 Мектептегі география пәнінің мақсатына қысқаша шолу...................5
1.2 Географиялық түсінік қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың маңызы..............................7
1.3 География сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар..............................10

ІІ бөлім. Географиядан сыныптан тыс жұмыстар және оларға сипаттама...............................13
2.1 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы себеп-салдарды түсіндіру.............13
2.2 Сыныптан тыс жұмыстар географиялық заңдылықтарды тану әдісі ретінде...............................15
2.3 География пәнінен сабақтан тыс жұмыстардың түрлері......................18
2.4 Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары және олардың тәрбиелік маңызы......................................20
1.2. Өлкетанудағы экологиялық білімнің маңызы......................................23

Қорытынды................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30


Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет. 

Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.

Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.

География сабағы мен өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • география сабақтарында оқушыларды сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәрбиелеу негіздерін анықтау;
  • педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың географиялық білімдерін қалыптастырудың моделін жасау;
  • география мен өлкетану сабақтарында географиялық білімді қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу