Географияны оқытудың материалдық базасына баға беру (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе……………………………………………………………………….…….3

I. Географияны оқыту барысы және педагогикалық маңыздылығы…………....5
1.1 Географияны оқыту барысындағы сабақ түрлеріне сипаттама………………………..........5
1.2 География сабағының педагогикалық маңызы..............................................6
1.3 Географияны оқыту әдістері………………………………………….………7
1.4 Географияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері……………………...10

ІІ. Географияны оқытудың материалдық базасына баға беру………………..12
2.1 Географияны оқытудағы ақпараттық технологиялар……………………..12
2.2 Көрнекілік құралдардың география сабағындағы маңызы…….…………14
2.3 Географиялық карталар……………………………………………………..17
2.4 География оқулықтарының ролі……………………………………………19
2.5 Географияны оқытуда сабақты дұрыс жоспарлаудың тиімділігі...............20
2.6 География сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар.......................................25

Қорытынды...................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................30


Тақырыптың мақсаты: Географияны оқыту әдістемесі — педагогика ғылымның бір саласы. Оның зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ ұрпақтарды кейбір ғылымдардың (геология, экономика, демография және тағы басқалары) элементтерімен байланысты физикалық және экономикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады.

Міндеті: Білім беру мен тәрбиенің жалпы зандылықтарын дидактика пәні зерттейді. Жеке оқу пәндерінің әдістемелерінің дамуының басты себебі — дидактиканың ортақ зандылықтарының бұл мектеп пәндерінің білім беру мен оқытуының нақгы ерекшеліктерінен алшақ болып тұруы табылады.       

Тақырыптың өзектілігі: Географияны оқыту процесінің бірнеше ерекшелігі бар, оның басты себебі, жоғарыда айтылғандай - дидактиканың жалпы зандылықтары оқыту процесінен алшақ болуы, ол география ғылымның тек қана зерттеу әдісін, маңызын, проблемасын, пәнін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, географияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеттерінің қатарына төмендегі проблемалар жатады: біріншіден, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың табиғи-ғылыми негіздері туралы білімдерді сараптау; екіншіден, ғылыми географиялық зерттеудің маңызы мен проблемасына сәйкес келетін білімнің калыптасу әдісін зерттеп дайындау. Географияда картаның және картографиялық әдістің маңызы үлкен болғандықган, көптеген әдістемелік зерттеулер, картографиялық кұралдар жүйесін құрастыруға және олардың географияны оқыту процесінде қолдану әдісін дайындауға арналған.

Географияны оқыту әдістемесі келесі проблемаларды зерттейді:

1) оқыту мақсатын (неге оқыту?);

2) географиялық білімдердің  мазмұнын(қандай тәсілдермен оқыту?);

3)оқытудағы әдістер мен түрлері (қалай оқыту?);

4) географияны оқыту құралдары (ненің көмегімен оқыту?);

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әдістемелік ғылымның келесі теориялық және әдістемелік проблемалары жанадан қарастырды: педагогика ғылымның жүйесіндегі орналасуы, практикамен байланысы, даму зандылығы, логикасы, зерттеу әдістері және әдістемелік зерттеудің иәтижесі. Тарихи-әдістемелік және салыстырмалы-әдістемелік зерттеулер кеңінен дами бастады. Бірінішінің зерттеу пәні болып география және әдістемелік ғылымдардың тарихы саналса, салыстырмалы-әдістемелік зерттеудің пәні болып шет елдердегі географияны оқыту әдістемесі келеді.

Білім - әдістемелік және басқа да ғылымдардың нәтижесі болып келеді. Бұл білімдерді практикалық жағдайда, бағдарламалар, атластар пен географияны оқытуда көрнекілік кұралдарды, сондай-ақ, мұғалімдерге арналған көмекші құралдарды басып шығаруда қолданады. Қазіргі кезде оқыту сапасына қойылатын жоғарғы талаптар бойынша, мұғалім сабаққа дайындалғанда, жалғыз ғана география окулығымен шектелмейді. Әдістемелік ғылым мұғалімге география пәннің мазмүнын, мақсат-мүдесін ашады, оны ғылыми негізделген білімдермен және тексеруден өткен әдістері мен түрлерімен таныстырады. Сонымен қатар, әдістемелік ғылым, мұғалімдерді оқыту құралдар жүйесі, түрлері, мазмүны және өлкетану мен сыныптан тыс жұмыстардың әдістерімен таныстырады.

Сондай-ақ, практика да әдістемелік ғылымның дамуына өте үлкен әсер етеді. Көптеген әдістемелік оның жұмыстардың әдістерімен таныстырады. Көптеген идеялар, мүғалімнің тәжірибесін оқыту, талдау негізінде және практикалық қажет тілегінен туындайды. Сол себептен пайда болған әдістемелік ұсыныстар мектептерде қолдана бастады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытыныдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу