Дүние жүзінің агроөнеркәсіп кешеніне сипаттама (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе...........................................................................................3

І бөлім. Дүние жүзінің агроөнеркәсіп кешеніне сипаттама.............................4
1.1 Дамушы елдердің агроөнеркәсіп кешеніне шолу.......................................4
1.2 Елдердің шаруашылық географиясы...........................................................6
1.3 Дүние жүзінің агроөнеркәсіп кешенінде негізгі роль атқаратын дәнді дақылдар........................7

ІІ бөлім. Дамыған аграрлық индустриалды елдерге экономикалық-географиялық баға беру...............14
2.1 Австралия Одағы..........................................................................................14
2.2 Жаңа-Зеландия..............................................................................................16
2.3 Канада............................................................................................................18
2.4 Америка Құрама Штаттары.........................................................................21
2.5 Оңтүстік Африка Республикасы.................................................................23

Қорытынды.........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................27


Енді біраз өзгерістер – сапалық өзгерістер. Оларда аумақ әдетте өзгермейді. Мұның мәнісі бір қоғамдық – экономикалық формацияның орнына басқасының келуі, бұрынғы отар елдерінің мемлекеттік тәуелсіздікке жетуі, жаңа мемлекеттік құрылыстың орнауы және т.т. Кейде сандық өзгерістерге сапалық өзгерістер қосылады.

Дүние жүзінің картасындағы сандық өзгерістердің көбіне бұрынғы замандардағы жағдай екендігі айдан – анық: ол кездерде соғыстар мемлекетаралық таластарды шешудің үйреншікті амалы болатын, жаңа жерлер үсті – үстіне  ашылып, игеріліп жатты, отаршыл империялар қалыптасып жатқан заман болды. Империалистік елдер арасында отарларды басып алу, шикізат негіздері мен өнім өткізетін рыноктарды қаратып алу жолындағы күрес шиеленісе берді.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Дүние жүзінің агроөнеркәсіп кешенінің ғаламдық экономикадағы ролін анықтау;
  • Дүние жүзі агроөнеркәсіп кешенінің құрылымына сипаттама беру;
  • Дүние жүзінің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі өнімдерін көрсете отырып, түрлеріне баға беру.

Ел мен елдің арасындағы қайшылықтар әбден шиеленісіп, “ жұдырық құқығы” олардың саясатының басты құралына айналатын кезде басталып кететін соғыстар дүние жүзі картасындағы ең ірі – ірі аумақтық өзгерістерге себеп болып отырды.

Алайда аумақ үшін болатын таластарды соғыс арқылы шешу бүгінде келмеске кеткен амал екенін өмір айқын көрсетті. Ядролық қару бар заманда мұндай жол біздің планетаны адамзаттың алып моласына айналдыру қатеріне ұшыратады.

Сонымен, дүние жүзінің қазіргі саяси картасы – оның мыңдаған жылдар бойғы дамуының қорытындысы: ондағы сандық өзгерістер басуда, ал қазіргі процестердің мәні де осында: аумақ үшін таластарды, халықаралық жанжалдардыбейбіт реттеу, диалогымен шешу жолы – үшінші мыңжылдықтың басында бүкіл адамзатқа ортақ жол

Тақырыптың өзектілігі. Дүние жүзі картасындағы өзгерістер әр түрлі сипатта болады. Олардың біразы сандық өзгерістер, бұлар соғыста басып алу, мемлекеттердің өз еркімен келісуі және т.б. себебінен болатын аумақтық қосылулармен не айырылулармен байланысты. Кейде жекелеген елдер арасындағы тату көршілік қатынастарды сақтау үшін құрлық үлескілері айырбасталатын жағдайлар да болады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу