Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша сарамандық жұмыстар, оларды орындау әдістері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе............................................................3

І бөлім. География пәндері жүйесіндегі экономикалық географияның орны.........................................................4
1.1 Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсының мақсаты мен міндеттері ...........................4
1.2 Дүние жүзінің экономикалық географиясының бағдарламасы…....7

ІІ бөлім. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша сарамандық жұмыстар, оларды орындау әдістері.................13
2.1 Экономикалық география сабағының негізгі түрлері........................13
2.2 Сарамандық жұмыстар және оларды ұйымдастыру әдістері.............14
2.3 Дүние жүзінің саяси-экономикалық картасы бойынша сарамандық жұмыстарды орындау әдістері.................................17

Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26


Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы - әлемнің әр түрлі аймақтарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Эконом- географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді        Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қыз­мет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймактық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері -    облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның дамуымен қалыптасуымен көптеген зерт-теушілердің есімдері тығыз байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясының мектеп географиясы пәндері жүйесіндегі ролін анықтау;
  • Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясының мақсаты мен мазмұнына сипаттама бере отырып, білім берудегі ролін айқындау;
  • Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсын оқыту әдістерін қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу