Қазақстанның физикалық географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе....................................................................................3

І бөлім. Физикалық географияның негіздеріне шолу..............................5
1.1 География пәнінің мұғалімі және зерттеу әдістері..............................5
1.2 Оқытудың белсенді түрлері мен әдістері..............................................6

ІІ бөлім. Қазақстанның физикалық географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар.....................8
2.1 Курстың мақсаты мен міндеттері..........................................................8
2.2 Педагогикалық әдебиеттердегі "сарамандық жұмыс" ұғымы........9
2.3 Географиядан сарамандық жұмыстарды жіктеу...............................18
2.4 Қазақстанның физикалық географиясынан сарамандық жұмыстарда қолданылатын кұралдар......................22
2.5 Сарамандық жұмыстарды орындауда қолданылатын картографиялық әдістер...........................24

Қорытынды...........................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................28


Егерде сарамандық жұмыстарды оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда оқушы – жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып, географияға деген қызығушылығы оянатын болады. Өйткені сарамандық жұмыстар оқушылардың материалдарды жан-жақты терең танып білуіне, қызығушылық сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады.

Оқу материалдарын пайдаланып, сарамандық жұмыс арұылы оқушыларды білімділікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық, теориялық негіздері айқындалып, оған жан-жақты сипаттама берілді.

Негізгі мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде сарамандық жұмыстар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын кіріктіре тиімді пайдаланудың білімдік, тәлімдік және дамытушылық функцияларын практикада іске асырудың мүмкіндіктері қарастырылды.

Сарамандық жұмыстардың кіріктірілген бағдарламасы негізінде 5–9 сынып оқушыларына меңгерте отырып, оларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделі жасалды.

Оқушыларды білімділікке тәрбиелеудің моделін сарамандық жұмыстар арқылы меңгертудің педагогикалық-әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарының технологиялық үлгісі жасалып ұсынылды.

Сарамандық жұмыстар арқылы жоғары сыпып оқушыларын білімділікке тәрбиелеудің тұтас педагогикалық ғылыми-әдістемелік жүйесі педагог-ғалым А.С. Белкин ұсынған он бір бағыты бойынша жасалып, Н. Монаховтың әдістемесі негізінде эксперименттік байқауға қойылды.

Сарамандық жұмыстарды кіріктірілген бағдарлама негізінде меңгертудің тиімді деген әдіс-тәсілдері қарастырылып, ол сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында да кең түрде қолданылды.

Оқушылардың Отансүйгіштік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен отбасының және қоғамдық ұйымдармен, мектептен тыс тәрбие мекемелерімен бірлескен іс-жоспарлары және оны іске асырудың педагогикалық ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, тәжірибеде қолданыс тапты, қорытындысы сынақ нәтижесінде нысанаға алынды.

Сарамандық жұмыстарды географияға кіріктірілген бағдарламасы негізінде оқушыларды білімділікке тәрбиелеу барысында олардың қазіргі қоғам талаптарына сай әлеуметтенуіне толық жағдай жасау жүйелі ескерілді, ол үшін интерактивті тәрбие әдістері пайдаланылып, әр оқушының өзіндік «Мен» қалыптасуына, азаматтық ұстанымның айқындалуына жағдай жасалды, бұл істерді жүзеге асыруда педагогикалық заңдылықтар мен ұстанымдар басшылыққа алынып, гуманистік сипатта жүргізілді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • Қазақстанның физикалық географиясы курсының материалдық базасына сипаттама беру;
  • Қазақстанның физикалық географиясы курсының мақсаты мен құрылымына, мазмұнына шолу жасай отырып, білім берудегі маңызын көрсету;
  • Қазақстанның физикалық географиясынан сарамандық жұмыстарға және олардың түрлері мен әдістемелік базасына баға беру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу