Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына кешенді сипаттама (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе....................................................................................3

І бөлім. Мектеп географиясындағы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.......................4
1.1 Мектептегі география пәндерінің бағдарламасына қысқаша шолу....4
1.2 Мектептегі география пәнінің құрылымы...............................................6
1.3 Орта мектептегі география пәндерінің мақсаты.....................................9
1.4 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсында карталарды пайдалану.......................11

ІІ бөлім. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына кешенді сипаттама.......................13
2.1 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының мақсаты мен міндеттері..........................13
2.2 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы сабағын жоспарлау.......................15
2.3 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытуда оқушылар білімін тексеру..............17
2.4 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытуда «жаңа технология» мен «инновациялық» әдістерді қолдау......19
2.5 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінің мазмұнындағы дамытушылық идеясы..................22

Қорытынды......................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................27


Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы - еліміздің әр түрлі аудандарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Эконом- географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Қазақстан үкіметі, ірі компаниялар мен халықаралық ұйымдар  ғалымдарға осындай зерттеулер жүргізуді тапсырады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді. Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қыз­мет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймактық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері - облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның біздің елімізде қалыптасуымен көптеген зерт-теушілердің есімдері тығыз байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының мектеп географиясы пәндері жүйесіндегі ролін анықтау;
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының мақсаты мен мазмұнына сипаттама бере отырып, білім берудегі ролін айқындау;
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсын оқыту әдістерін қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу