Оңтүстік – батыс Азия елдерінің экономикалық даму жағдайы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе.....................................................................................................3

1 Оңтүстік – батыс Азия елдері
1.1 Арменияның табиғи және тарихи орналасу ерекшеліктері....................5
1.2 Әзірбайжанның шаруашылығы және халқы............................................6
1.3 Ирак мемлекетінің табиғи және тарихи орналасу ерекшелігі................7
1.4 Израильдің табиғи және тарихи орналасу ерекшелігі.............................10
1.5 Иордания мемлекетінің табиғи және тарихи орналасу ерекшелігі........12
1.6 Кувейттің географиялық жағдайы мен тарихы........................................14

2 Оңтүстік – батыс Азия елдерінің экономикалық даму жағдайы
2.1 Арменияның экономикалық даму жағдайы...............................................15
2.2 Әзірбайжанның экономикалық жағдайы...................................................15
2.3 Ирак мемлекетінің экономикалық және әдеби дамуы.............................16
2.4 Израиль мемлекетінің экономикалық дамуы............................................17
2.5 Иордания елінің экономикасы....................................................................17
2.6 Кувейттің экономикалық даму жағдайы....................................................18

3 Қорытынды.........................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................20


Курстық жұмыстың мақсаты: Ел солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді. Әзірбайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. [5]
Курстық жұмыстың міндеті: ИРАК, Ирак Республикасы (өзд. атауы — әл-Жумхурия әл-Иракия) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км2. Халқы 22,4 млн. адам (1999). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдад қ. (3 млн-нан астам). 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.
Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.[2] Израилдің астанасы – Иерусалим қаласы, дегенмен қаланы толық бақылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер тарапынан мойындалған жоқ. Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Еуропа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – еврей анклавы; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конгломераттың ортасында Көне қала орналасқан.
Иордания Хашимит корольдігі (өзд. аталуы — әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия), (араб.: الأردن‎, Аль-Урдун), — Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Жер көл. 91,8 мың км2. Халқы 5,4 млн. (1996). Астанасы — Амман қ. (1,6 млн.). Негізгі тұрғындары — арабтар. Бұдан басқа черкестер, шешендер, армяндар тұрады. Ресми тілі — араб тілі. Тұрғындары исламның суннит тармағын ұстанады. Иордания — конституциялық монархия (1999 жылдан король — Абдолла бен аль-Хусейн). Мемлекет басшысы — корольдің заң шығару және атқару билігінде бірдей құқықтары кеңейтілген. Заң шығарушы органы — 2 палаталы Ұлттық жиналыс. Жоғары палатаны (Сенат) король өзі тағайындайды. Төменгі палатаны (депутаттар) халық жасырын дауыспен сайлайды. Әкімшілік жағынан ел 8 аймаққа (мухафаз) бөлінеді. Ұлттық мерекелері: 25 мамыр — Тәуелсіздік күні (1946), 14 қараша — корольдің туған күні. Ақша бірлігі — Иордания динары.
Кувейт - Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы - Кувейт қаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км.[2]

Іздеу