ТМД жане Балтық елдері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе.................................................................................................................3

І бөлім. ТМД елдерінің пайда болуы және экономикалық жағдайлары..................................................5
1.1 КСРО-ның ыдырауы................................................................................5
1.2 ТМД елдерінің аймақтық геосаяси жағдайлары................................6

ІІ бөлім. ТМД және Балтық елдерінің ерекшеліктеріне кешенді-географиялық сипаттама.....................9
2.1 Ресейдің экономикалық географиялық жағдайы..............................9
2.2 Еуропалық Батыс пен Балтық аймағы елдері...................................16
2.3 Закавказье елдері......................................................................................21
2.4 Орта Азия аймағы елдері........................................................................24
2.5 Шетелдік Орта Азия аймағы елдері......................................................25

Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................29


Тақырыптың өзектілігі. 1991 жылы Кеңес Одағының құрамындағы 15 республиканың тәуелсіз мемлекеттерге айналуы, 2 –ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан әлемдік геосаяси жүйені құрылымдық жағынан қайта жаңғыртты. Нәтижесінде Еуразияның саяси картасы үлкен өзгеріске ұшырап, оның ішінде Қазақстан бұл материктің жаңа геосаяси құрылымында өзіндік маңызды сипатқа ие болды. Қазіргі Қазақстан - әлемдік геосаясаттың үнемі назарындағы, Еуропа мен Азия құрылықтарының тоғысында орналасқан жас мемлекет. Республикамыз көршілес бес мемлекетпен шектессе, оның екеуі планетамыздағы аса ірі, әрі ядролық және космостық державалар – Ресей мен Қытай . Қазақстан шекарасының бір ерекшелігі, оның негізгі бөлігінің құрғақтағы шекара болып табылуы, әрі онда дүние жүзі бойынша ең ұзын үзіліссіз шекараның орналасуы. Мысалы, оның Ресеймен арадағы 6846 шақырымға созылатын шекарасы, бұған дейінгі – 6416 км құрайтығын АҚШ пен Канада арасындағы үзіліссіз шекарадан (Аляскадағы канада- американ шекарасындағы 2477 шақырымдық үзілмелі сегменті қоспағанда) асып түсіп отыр.

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы 200 – ден астам мемлекеттер ішінен, біздің республикамыз территориясының көлемі жағынан 9-шы орынды иеленді. Ол ең алддымен Қазақстан жер аумағының Еуразия материгінің кіндік ортасында жатуына орай, оның транспорттық-географиялық, әсіресе құрғақтағы және әуе жолдарының аңызы арта түседі. Мәселен біз арқылы өтетін “Еуроазаит” және “Трансазайт” темір жол магистралдары – Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдерін Азия Тынықмұхит аймақтарымен ең қысқа де әрі ыңғайлы (“Транссібір” магистральмен салыстырған жағдайдда) қатынас жолдарымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өткен ғасырлардағы елшілер ауызындағы “гекография дегеніміз ел тағдыры” деген қағида, бүгінде Орталық Азия елдерінің сыртқы сауда-экономикалық қатынасында “Ұлы Жібек жолының” жаңғ,ыруы барысында өз көрініс табуда.

Жалпы Орталық Азияның, оның ішінде Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайына байланысты – Ресей, Қытай, АҚШ, Батыс Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы стратегиялық мүделері түйісіп, әрі олардың ел экономикасындағы инветорлық қызметі күшеюде.

Респубьликамыздың саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіндік бір қасиет, ол біздің жерімізде ислам мен христиан әлемінің және т.б. діни наным-сенімдерінің тоғысуы. Еіміздің геосаяси жағдайының тағы бір құдіреті, оның қос құрлықтағы географиялық орналасуына байланысты. Осы себепті, Қазақстан бір мезгілде азиялық мекемелер және банктермен қатар, әрі еуропалық аймақтық халықаралық ұйымдарға да мүше болып отыр. Жоғарыда аталған және т.б. факторлар жиынтығын тұжырымдай келсек, елімізің мойнына Шығыс пен Батысты жалғастырып біріктіруші көпір міндеті жүктеліп отыр.

Іздеу