Физикалық географиядан сарамандық жұмыстар және оларды орындау әдістері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе..................................................................................................................3

І бөлім. Географияны оқыту әдістемесіндегі физикалық география курсы...............................................5
1.1 Географияны оқыту әдістемесі және зерттеу нысаны.........................5
1.2 Мектеп географиясының мазмұнына қарай жіктелуі.........................6
1.3 Физикалық география курсының құрылымы.....................................11

ІІ бөлім. Физикалық географиядан сарамандық жұмыстар және оларды орындау әдістері...........................................17
2.1 Физикалық география пәнінен сарамандық жұмыстарды орындаудың мақсаты мен мазмұны...............................17
2.2 Физикалық географиядан сарамандық жұмыстардың мазмұны...19
2.3 Сарамандық жұмыстардың географиялық құбылыстарды түсінудегі ролі.......................21
2.4 Сарамандық жұмыстарды орындау әдістері..........................................23
2.5 Қазақстанның физикалық географиясынан сарамандық жұмыстарды орындаудың мақсаты мен міндеттері.....................27

Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................31


Тақырыптың өзектілігі. Физикалық география — Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылым. Ландшафт қабық жер бетінде 3 қабықтың: атмосфера, гидро­сфера және- литосфераның астасып, өз ара кірігіп жатуының нәтижесінде пайда болған. Жердің бұл қабықтарын зерттеумен климатология, гидрология және геология деп аталатын дербес ғылымдар шұғылданады. Қабықтардың өзара әсері нәтижесінде пайда болған қо­сылу кабаты Жердің ландшафт қабығы делінеді (Ю. Қ. Ефремов, С. В. Калесник). Жердің ландшафт қабығының аталған қабықтардан бөлек, өз бетінше өмір сүруін және сапалык, ерекшелігін С. В. Калес­ник кун жылуының нақ сол аралық қабатта түгелге дерлік шоғырлануынан деп дәлелдейді. Бұл жылу жер бетінен жоғары не темен шамалы ғана биіктікке, не тереңдікке тарайды. Орта ендіктерде жер бетінен 20 м тереңдіктің өзінде-ақ жергілікті ауаның жылдық орташа температурасына тең тұрақты температура қабаты болады. Бұл қабаттан төмен қарай температура жердің ішкі жағынан келетін жылудың есесінен өседі.

Төменгі шекарасы   3 км тереңдікте   литосферада,   ал   жоғарғы шекарасы 10—12 км биіктікте   тропосферада   болатын   қабаттың    (био­сфера)   бет жағында тіршіліктің шоғырлануы   ландшафт   қабығының  майызды ерекшелігі болып табылады.

Ландшафт қабығында эндогендік және экзогендік күштердің күресі жүріп жатады. Осы күрестің нәтижесінде жер бетінің күрделі рельефі қалыптасып, өзгеріп отырады. Жер бетінің біркелкі жылынбауы салдарынан жылу мен ылғал Жер бетінде қайта бөлінеді де, ол өз тарапынан ағын су мен мұздардың (яғни, экзогендік күштер) әрекетін тудырады. Экзогендік күштер жер қыртысының беткі қабатында әрекет етеді де, оның тереңдегі бөлігіне өте алмайды. Шегінді тау жыныстары тек қана литосфераның бетінде, континенттерде және мүхиттардың түбінде пайда болады. Континенттердің үстінде топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасады.     '

Жердің формасы мен оның Күнге қатысты алғандағы орнына қарай анықталатын физикалық-географиялық процестердің зоналылығы
ландшафт кабығының ерекшелігі болып табылады. Бұл маңызды құрылымдық ерекшелік климат пен топырақтың, өсімдік пен жануарлар
дүниесінің зоналылығынан байқалады.

Жердің ландшафт қабығында заттардың көптеген айналымы бо­лып тұрады. Олар, мысалы, атмосферада тропосфера деп аталатын жұқалау қабатты ғана қамтиды.

Ландшафт қабығының аса зор маңызы — онда адамзат коғамының тіршілік етуінде. Мұның өзі жердің ландшафт кабығында болып жататын көптеген процестердің даму бағыты мен жылдамдығына үлкен әсерін тигізеді.   

Жердің ландшафт қабығының сапалық ерекшелігін көрсете отырып, біз физикалық географияның зерттеу объектісінің дербестігін дәлелдейміз. Өйткені әр ғылымның өзіндік дербестігінің басты белгісі — сол ғьілымның басқа ғылымдардың зерттеу объектісінен мүлде бөлек, өзіндік, меншікті зерттеу объектісінің болуы.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Физикалық географияны оқытудың ерекшеліктерін анықтау;
  • Физикалық географиядан сарамандық жұмыстардың орындалу әдістеріне талдау жасау;
  • Физикалық географиядан сарамандық жұмыстарды орындау юойынша жиналған тұжырымдарды қорытындылау.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу