Халықтар географиясы және оның мазмұны (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе....................................................................................................................3
І бөлім. Дүние жүзінің мемлекеттері және олардың типологиялық ерекшеліктері........................4
1.1 Әлем елдерінің типологиялық жіктелуі..................................................4
1.2 Дамушы елдерге сипаттама..................................................................5
1.3 Дамыған елдер........................................................................6

ІІ бөлім. Халықтар географиясы және оның мазмұны..............................9
2.1 Халықтар географиясынығ нысаны, мақсаты және мазмұны..........9
2.2 Мемлекеттердің саяси құрылымы бойынша жіктелуі........................10
2.3 Дүние жүзілік еңбек ресурстары..............................................................14
2.4 Халықтардың көбею және жойылу мәселелері.....................................17
2.5 Ресей Федерациясының халық құрамына және ұлттық ерекшеліктеріне сипаттама................21

Қорытынды........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................27


Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы - әлемнің әр түрлі аймақтарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Эконом- географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді. Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қыз­мет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймактық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері - облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның дамуымен қалыптасуымен көптеген зерт-теушілердің есімдері тығыз байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Дүние жүзінің халықтар географиясының ғаламдық экономикадағы ролін анықтау;
  • Дүние жүзі халықтарын, әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік басқару құрылымына қарай жіктеу;
  • Дүние жүзінің халықтар географиясының негізгі мәселелерін қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу