Дүниежүзілік саяси карта (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Дүниежүзілік саяси қатынастардың теориялық аспектілері 4
1.1 Дүниежүзілік саяси карта түсінігі 4
1.2 Халықаралық қатынастарда саяси күштердің топтасуы 6
2 Қазіргі заманда халықаралық қатынастар 15
2.1 Халықаралық қатынастарда саяси күштердің орналасуы 15
2.2 Халықаралық экономикалық қатынастар 23
3 Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының алатын орны 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38


Кіріспе

Саяси картаның мазмұнының анықтамасы бойынша, дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.

Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: халықаралық қатынаста саяси картаның алатын орнын анықтау

Зерттеу міндеттері:

  • Дүниежүзілік саяси қатынастардың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Дүниежүзілік саяси карта түсінігін ашу;
  • Халықаралық қатынастарда саяси күштердің топтасуына талдау жасау;
  • Қазіргі заманда халықаралық қатынастарға талдау жасау;
  • Халықаралық қатынастарда саяси күштердің орналасуын зерттеу;
  • Халықаралық экономикалық қатынастарға анықтама беру;
  • Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының алатын орнын анықтау.

Іздеу