Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметі 5
1.1 ЕурАзЭҚ қызметінің стратегиялық мақсаттары 5
1.2 ЕурАзЭҚ құру идеясы 6
2 Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қазіргі жағдайы 10
2.1 ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі 10
2.2 ЕурАзЭҚ-тың экономикасының дамуы 12
3 Қазіргі кезде ЕурАзЭҚ мәселелері және дағдарыстан шығу 18
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 24


ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота күн тәртібіне байланысты табиғи монополияларды реформалау туралы, осы қауымдастық елдеріндегі инвестициялық климат, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кедендік одағын құру туралы ақпараттарды ортаға салды. Білім, энергетика салаларында бірлескен жобалар жасап, болашақта бірігіп жұмыс істеу туралы жоспарларды талқылау қажеттілігі туындай бастағанын айтты.

         Қауымдастыққа мүше мемлекеттер алдағы перспективада қол жеткізілген тұрақтылық деңгейін қолдан шығарып алмау мақсатын қарастырмақ. Сол мақсатта ЕурАзЭҚ елдері ЕурАзЭҚ мүше елдеріндегі макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау шаралары, ЕурАзЭҚ мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын жасаудың тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оны жүзеге асыру, ЕурАзЭҚ елдеріндегі табиғи монополияларды реформалау облысында тәжірибе алмасу, Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу туралы, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттеріндегі инвестициялық ахуал және өзара инвестициялық қатынастар туралы, үш республика – Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясы арасында кедендік одақтың құқықтық базасын құру туралы, т.б. оншақты мәселеге байланысты шараларды талқылап, бірқатар шешім қабылдады.

Кеңеске алты мемлекеттің экономика және қаржы министрлері мен өкілетті органдар өкілдері қатысты. Украина мен Армения бұл жолы да бақылаушы ел ретінде қатысты. ЕурАзЭҚ елдері олардың келесі басқосуда қауымдастық мүшесі ретінде көруге үміттенетіндерін бұл жолы да білдіріп қалды. Кеңестің төрағасы Герман Греф алдағы уақытта да төрағалық қызметін жалғастыратын болып сайланды.

         Бұдан кейін мәжіліс жабық есік жағдайында жұмысын жалғастырды. Осы қауымдастықтың бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов макроэкономикалық тұрақтылықтың әр елде әр түрлі деңгейде екендігін айта келе, мысалы, Ресей мен Тәжікстанды салыстыруға болмайды деді. Жалпы, макроэкономикалық тұрақтылық көрсеткіші инфляция деңгейі, мемлекеттің сыртқа қарызы, бюджет қаржысының деңгейімен өлшенеді. Мысалы, Ресейде инфляция 7,5 пайыз болса, бізде ол 8,5 пайызға жетті. Тағы бір толғандыратын сауалдардың бірі осы жақында ғана Азық-түлік корпорациясы басшыларының жиналған мол астықты экспортқа шығаруға Ресейдің транзит үшін алатын ақыны ұлғайтып жіберуінің арқасында Қазақстан астығын өткізе алмай мысы құрып отырғандығын шуласа айтқаны. Серік Пірімбетов бұл мәселені ЕурАзЭҚ аясында шешудің мүмкін еместігін жасырмады. Ол мүмкін, ортақ кеден одағы құрылған кезде жүзеге асуы мүмкін, бірақ. Еуроодақ елдер ортақ кеденге 50 жыл жүріп барып әрең қол жеткізді, – дейді Пірімбетов. Ресейдегі тарифтік кеден осы мәселемен шұғылдануы керек деп ойлаймын, – дейді ол. Ал осы сауалды Герман Греф мырзаға қойылған кезде, ол әрине, тарифтік келісімге қол жеткізуге болады, ортақ кедендік одақ құруды мәселесінде шаралар қарастырудамыз деп қана жауап берді. Ол үшін 40-тан аса шарттарды қарап, ел мен ел арасында келісім жүргізу керек. Оның қанша жылға созылары белгісіз.

         ЕурАзЭС-тің барлық елдерінде инфляция төмендеп, ұлттық валюталардың бағамы тұрақталуда. Беларусь пен Тәжікстаннан басқа елдерде бюджет профициті байқалады. Беларусь пен Тәжікстандағы бюджет тапшылығы айтарлықтай емес деңгейде (ІЖӨ-ге шаққанда 0,3-0,7 пайыз). Ал мемлекеттік қарыздар Қырғызстанды қоспағанда барлық елдерде өз деңгейінде, белгіленген шамадан (ІЖӨ-ге 60 пайыз) аспаған. Қырғызстанда бұл көрсеткіш ІЖӨ-ге шаққанда 84,8 пайызды құрап отыр. Қайта қаржыландыру ставкасы Қазақстаннан басқа елдердің бәрінде төмендеп отыр.

Іздеу