География пәнін оқытудың әдістемесі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Географияны оқыту теориялық негіздері
1.1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
1.2 Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар
1.3 География сабағында жаңа ақпараттық коммуникативтік
технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
2 7 - сыныпта география сабағында оқушылардың картамен жұмыс істеу практикалық бөлім
2.1 7 - сыныпта география сабағында каратмен жұмыс істеу методикасы
2.2 Зерттеу жұмысының оқушылардың белсенділігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі


Кіріспе

Қазір білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі қоғамның ақпараттану саясатына байланысты. 1997 жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Президенті бекіткен мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының бір бағыты – қазіргі заманғы технологияны оқыту процесінде пайдалану оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл оқыту процесіне толықтыру мен өзгертуді қажет етеді.

Педагогикалық оқыту технологияларын жүйелі пайдалану оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға тырысудан туындайды. «Технология» - деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен практикаға толық енді. Технология грек тілінен аударғанда "techne" – өнер, шеберлілік, "logos" – оқыту деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясының өндіріс технологиясынанерекшелігі оның үнемі жетілдіріліп  отырылуында.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп білім жүйесінің алдына үлкен міндеттер жүктеді. Бұл міндеттерді шешу үшін күнделікті ізденіс арқылы өзгерістерге батыл жол ашарлық идеялар қажет. География пәні мұғалімі білім мен біліктілік комплексін игерумен қатар, айналаны кеңістік тұрғысынан қабылдау жүріп жатқан құбылыстар мен процестердің көп түрлілігі мен жүйелілік сипатын оқушыларға түсіндіре алуы қажет.

Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол тез өзгеріп тұратын нарық жағдайына бейімделе алатын, түрлі ақпататтарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы.

Мұғалімдер съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.

Іздеу