Қазақстан Республикасының ландшафтты құрылысы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының ландшафтты құрылысының ерекшелігі
2 Қазақстанда табиғи ландшафтты шаруашылықта пайдалану мүмкіншілігі
2.1 Орталық Қазақстан
2.2 Оңтүстік Қазақстан
2.3 Солтүстік және Шығыс Қазақстан
2.4 Батыс Қазақстан
3 Қазақстанда табиғи ландшафтты қолдану жолындағы проблемалар және оларды шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Жердің географиялық ортасының сипаттарына байланысты ғылыми зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацияның мәселелері пайда болады. Рекреациялық мәселелерді қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы жаңа жинағы қоғамдық географияның жаңа саласы болатын рекреациялық географияны туғызады. Демалысты ұйымдастыру үшін табиғи жағдайларды бағалау кезінде басты критерий болып табиғи ортаның түрлілігі табылады, бұл рекреациондық бағалаудың басты объекті ретінде ландшафтты ұсынады. Табиғи ландшафтты шаруашылықта пайдалануда, олардың ерекшеліктерін мұқият есепке алу табиғатты тиімді пайдаланудың айқындаушы кезеңдерінің бірі болып табылады. Осыдан келіп зерттеліп отырған территорияны білудің маңыздылығы, олардың табиғи потенциалын анықтау қажеттігі туады. Осыған байланысты Қазақстан территориясындағы ланшафттың туристік тиімділігін айқындау, оларды картаға түсіру, практикалық мақсаттар үшін оларға жан - жақты сипаттама және баға беру географтардың аса маңызды міндеті болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының ландшафтты экономикалық кешенінің ерекшеліктерін көрсету

Зерттеу міндеттері:

- Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;   Қазақстан Республикасының ландшафтты құрылысының ерекшелігі;

- Қазақстанда табиғи ландшафтты шаруашылықта пайдалану мүмкіншілігін зерттеу;  Орталық Қазақстан,  Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстанда табиғи ландшафтты шаруашылықта пайдалану мүмкіншілігін көрсету;

- Қазақстанда табиғи ландшафтты қолдану жолындағы проблемалар және оларды шешу жолдарын анықтау.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Маркетингтiк-талдамалы зерттеулер орталығы және "J.E. Austin Associates Inc." америкалық консалтингтiк компания "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуеттi болашағы бар секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау" жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты елдiң экономикалық өсiмi үшiн әлеуетi бар Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес салаларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады. Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және әртараптылығын арттырудың индустриалдық негiзiн құру үшiн шикiзаттық емес жетi басым саланың iшiнде алғашқылардың бiрi болып туризм айқындалды. 

Іздеу