Қазақстанда минералды шикізатты өндеудегі кластерлік өндіріс (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Минералды шикізаттың өндеудің Қазақстандағы ерекшеліктері
1.1 Қазақстана минералды шикізат ресурстарының қорлары
1.2 Минералды шикізатты өндеу кәсібінің дамуы
2 Қазақстанда минералды щикізатты өндеудегі кластерлік өндірістің дамуы ерекшеліктері
2.1 Қазақстан экономикасындағы кластерлік өндіріс тәжірибесі
2.2 Минералды шикізат өндеу ісінде кластердерді құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі


Кіріспе 

Елімізде кластерлік дамуға баса маңыз беріліп отыр. Үкіметтің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында» кластерлік дамудың жолдары жан-жақты жазылған.

Үкімет тарапынан  тамақ өнімдері өнеркәсібі, мұнай-газ машиналарын жасау, туристік, тоқыма өнімдері өнеркәсібі, металлургиялық өнімдер өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызметтер, құрылыс материалдар өнімдері сияқты 7 ілкі кластерлер құру және дамыту жөніндегі жоспарлар бекітілген болатын.

Алайда, бұл жоспарлар көрсетілген салалардың жүйелі проблемаларын, яғни, саланы дамытуды ынталандыру үшін заңзаманы жетілдіру, кадрлар даярлау және қайта даярлау, стандарттау мәселелері, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды және әрбір жекелеген кластердің міндеттерін яғни, бизнес стратегияларды тұжырымдау, кластер шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, кластерішілік кооперацияны күшейтуге бағытталған шараларды қамтиды.

Сондықтан да кластерлік идеяларды дамытуда индустриялық аймақтар құру сияқты нақты өндірісті мемлекеттік ынталандыру құралын пайдалану барынша перспективалы болып көрінеді. Бұл тетік қазіргі уақытта Астана қаласында құрылыс материалдары және Қарағанды облысында металлургия-металл өңдеу ілкі кластерлерінің жобаларын іске асыру шеңберінде байқаудан өтіп жатыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты елімізде минералды шикізатты өндеуде  кластерлік өндіріс тәжірибесін зерттеу

Зерттеудің міндеттері:

Тақырып бойынша арнайы әдебиетті зерттеу;

Минералды шикізаттың өндеудің Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау;

Қазақстана минералды шикізат ресурстарының қорларына шолу жасау;

Минералды шикізатты өндеу кәсібінің дамуын зерттеу;

Қазақстанда минералды щикізатты өндеудегі кластерлік өндірістің дамуы  ерекшеліктерін көрсету;

Қазақстан экономикасындағы кластерлік өндіріс тәжірибесін анықтау;

Минералды шикізат өндеу ісінде кластердерді құрудың ерекшеліктерін талдау.

Іздеу