Қоршаған ортаны залалдандыру деңгейін есепке алуда компьютерлік технологияларды қолдану (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Агроөнеркәсіп кешенің модернизациялау қажеттілігі 5
2 Астықты сақтау және өндеу кәсіпорындарында
қоршаған ортаны залалдандыру деңгейін есепке
алуда компьютерлік технологияларды қолдану 7
3 Қоршаған ортаны қорғауда компьютерлік технологияларды
қолдануды жетілдіру 15
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20


Кіріспе

Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.

Кейінгі жылдары агроөнеркәсіп кешенінде  байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.

Дегенменен, ауыл шаруашылығындағы негізгі мақсаттар, нарық қатынас жағдайындағы кей бір негізгі мәселелер әлі де болса шешілмей келеді Тәжірибелік сараптаудың нәтижесіне қарағанда, республиканың ауыл шаруашылық саласының сапалы, кең көлемде өнім өндіруге мүмкіндігінің жеткілікті екендігін көрсетуде.

Аграрлық сектор мол өнім өндіруде және оны өңдеуде жоғары мақсатқа жету, мемлекеттің халқын отандық тауармен толық қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы мемлекеттің Президенті өзінің 2005-2008 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауларында аграрлық сектордың экономикасын дамыту, оның өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері әлі ол болса толық орындалмай жатқандығын айта келіп, оны шешу үшін 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында: - «КазАгроның негізгі міндеті- ауыл шаруашылығының өнімділігі деңгейін арттыра беру, жердің тозуына жол бермеу, еліміздің су және басқа да табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына тосқауыл қою, аграрлық ғылымның дамуындағы баяулықты, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу» керек деген тұжырымдаманы айтты.

Қоршаған  ортаны қорғау саласындағы мақсаттар халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның орнықты дамуына көшу негіздерін құру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

  • қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
  • шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту және табиғатты қорғау және оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін 2007 – 2009 жылдары экологиялық заңнаманы жүйелендіруге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың осы заманғы талаптарына жауап беретін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес оның қолданылуын арттыруға бағытталған экологиялық заңнаманы одан әрі реформалау жалғастырады.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды молықтыруды сақтау және ұтымды пайдалану, Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін басқару және шаруашылық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында            Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторингі жүйесiн құру жоспарланып отыр.

 Екі жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенциялары мен қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы жаһандық халықаралық форумдардың шешімдеріне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан бекіткен табиғатты қорғау конвенцияларын іске асырудың неғұрлым сапалы деңгейіне өту жүзеге асырылады.

Әсіресе экологиялық мәселелерге байланысты агроөнеркәсіп саласындағы модернизациялау, әдетте компьютерлік технологияларды қолданудың алатын орны зор болып табылады.

Осыдан зерттеу тақырыбының өзектілігі байқалады.

Зерттеу мақсаты: Астықты  сақтау және өндеу кәсіпорындарында қоршаған ортаны залалдандыру деңгейін есепке алуда компьютерлік технологияларды қолдануды зерттеу.

Зерттеу міндеттері: қоршаған ортаны қорғауда компьютерлік технологияларды қолдануды зерттеу; Астықты  сақтау және өндеу кәсіпорындарында қоршаған ортаны залалдандыру деңгейін есепке алуда компьютерлік технологияларды қолдануды талдау, қоршаған ортаны қорғауда компьютерлік технологияларды қолдануды жетілдіруді сараптау.

Іздеу