Халықаралық ұйымдардың ұғымы (Реферат)

Жоспар:

1. Еуропалық Одақ (ЕО), ұғымы, бағыттары.
2. Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйым(ЕҚЫҰ), ұғымы, мақсаттары.
3. Еуропа Кеңесі, ұғымы, міндеті.
4. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚКДБ), ұғымы, мақсаты.
5. Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕЭҚ),ұғымы, құрамы, мақсаты.
6.Еуропа экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы (ЕЭЫДҰ), ұғымы, мақсаты.
7. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), қызметі, құрамы, мақсаты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Халықаралық ұйымдардың ұғымы

Қазіргі заманда мемлекеттер халықаралық ұйымдардың құрамында болуы маңызды мәселе. Халықаралық ұйымдарға кірген мемлекеттер өзінің теңдігін, егеменділігін, тәуелсіздігін сақтайды. Бұл мемлекеттер халықаралық ұйымдарға не үшін кіреді, қандай мақсатты көздейді, мемлекетке қандай пайдасы бар? Бұл сұраққа жауап табу үшін осы ұйымдардың ұғымын түсініп, мақсатын және құрамын қарастырайық.

Еуропалық Одақ (ЕО)-халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің-Германия, Франция, Италия, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Греция, Австрия, Швеция елдерінің қатысуымен құрылған (1993). ЕО еур. Қауыдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің, Еур. экономикалық қауымдастықтың, сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еур. қауымдастықтың қарым-қатынастары негізіндн жұмыс істейді. ЕО аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еур. актіде, Маастрихт  келісімшарттарында және Амстердам келісімінде айқындалған. Соңғы жылдары ЕО мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экон. және валюталық одаққа өту, кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру, бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру, Жерорта теңіз жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті беркіндірілген бірегей еуро валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. ЕО-тың жалпы органдары мен институттарының қатарына Еур. комиссия, Еур. Одақтың Кеңесі, сондай-ақ, экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар жөніндегі комитет жатады.

Іздеу