Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі (Дипломдық жұмыс)

КІРІСПЕ ........................................................................3
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ..............................7
1.1. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.....................9
1.2. Информатиканы оқытудың мазмұны..............................................................12
1.3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары............................21
1.4. Бастауыш сыныптарда информатиканы элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі....................................................31

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ......................................................................37
2.1. Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлері.....................................40
2.2. Бастауыш сыныпта деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану......44
2.3. Бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану................51

3. Эксперименттік бөлім........................................................................................62
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................79
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ.....................................................................81


Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі-оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық психологияны таңдау. Оқушы әрекеті-білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық немесе электрондық оқулық беріледі.

Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.

Соңғы жылдары компьютерлік, телекомуникациялық техниканың, технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік кеңістік ғаламдық ақпараттандыру – қоғамның даму заңдылығының бірі болып отыр.

 Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта «қоғамды  информатика-ландыру», «білім беруді  информатикаландыру» деген сөз тіркестері  біздің  сөздік  қорымызға  еніп кетті.  Қоғамды информатикаландыру – ғылыми  техникалық үрдіс жетістіктерінің  күнделікті тұрмысқа  ауқымды  енуінің  нәтижесі,  яғни  адам  өміріне  іс - әрекеттің интеллектуалдық түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен рөлінің  жоғарлауына байланысты  обьективті үрдіс. Сондықтан бастауыш сыныптарда информатика сабағын кірістіру бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.

       Диплом жұмыстың мақсаты:

Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытуды оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу сақтау, жеткізу және оны қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыру. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім білік және дағдыларды қалыптастыру.

        Жұмыстың методологиялдық  базасы: Математика, физика және информатика әдістемелік кабинеті

        Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады.  «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу- әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан- жақты қарастыратын курс болып табылғандықтан, бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуды зерттеу болып табылады.

      Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.  

     Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты, практикалық маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі көрсетілген. 1 тарауда Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі қарастырылған. 2 тарауда Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары жеке қарасытырылды.

         Қоғамды  индустрияландыру  кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған  сауатты  орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру  жағдайында бұл мәселе білім  берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікті дайындау.

       Жалпы білім беретін мектептерге бағдарламалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың бағдарламалау элементтерінің  орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.

       Бірінші кезең: бұрынғы одақтағы 50- жылдардың бас кезіндегі алғашқы  электронды есептеуіш машина пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Бағдарламалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың  бағдарламалауды түсініп, игеруіне ешқандай принціпті қиыншылық болған жоқ.  

        Алғашқы электронды  есептеуіш машиналар  пайда  болғаннан  кейін  көп  кешікпей  ғылыми-зерттеу  мекемелерінде  және  ірі  жоғары  оқу  орындарында  бағдарламалауды  және  электронды  есептеуіш  машинада  жұмыс істеуді  зерттейтін  топтар  пайда  бола  бастады.  50-жылдардың  аяғына  қарай, А.П.Ершовтың  басқаруымен  Новосибирск  қаласының  кейбір  мектептерінде  тәжірибелер  жүргізілгендігі  белгілі.  Бұл  тәжірибе  сондағы  ғылыми  қалашықтағы  есептегіш  техника  негізінде  жүргізілді. Басталған  жұмысқа  университеттер  мен  ғылыми-зерттеу институттарының көптеген  ғалымдары  қатысып араласты.  Бірақ мұндай  алғашқы  қадамдардың  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  үшін  міндетті  курстың   қалыптасуына  қатысы  жоқ  еді.

       Екінші кезең: математикаға  бейімделген  мектептер  негізінде  бағдарламалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы   мектепте  оқытуды  1959 жылдан  басталды  деуге  болады,  өйткені  Мәскеу  қаласының №444 мектебінде С.И.Шварцбурд жоғарғы сынып  оқушыларына  электронды  есептеуіш  машина жұмысын  үйретуге  бағытталған  эксперимент  жүргізуді  бастады.  Мұндай  мектептерде  жалпыға  бірдей  орта  білім  негізінде  программист  дайындау  көзделген болатын.  Осы  мақсатқа  сәйкес, С.И.Шварцбурдтың  жүргізілген  тәжірибелік  жұмысы  көпшілікке белгілі  болды.

          Бағдарламалау саласында мамандандырылған мектептер  жүйесінің  дамуы  тағы  бір  маңызды  рөль  атқарады. Оқушыларды  бағдарламалауға  үйретуге  арналған  мақалалар  мен  әдістемелік  талдамалар  көптеп  шыға  бастады.

         Бұл  жылдары   математикаға  бейімделген  мектептер  үшін  дайындалған  оқу  құралдары  кең  таралды  және   бұл  құралдар  белгілі  бір  бағдарламалау  бойынша  факультативтік  курстардың  қалыптасуында  маңызды  рөль  атқарады.

         Келесі  кезең,  арнаулы  факультативтік  курстардың  ашылуына  байланысты. Факультативтік  курстың  мақсаты- оқушылардың  жан-жақты  мүмкіндіктерін  дамытуға  және  білімдерін  тереңдетуге  бағытталған  жаңа оқу  жұмысының  түрі   ретінде  қарастырылды.

          Кейінірек, сол  кездегі математикалық  орта  білімнің  қайта  құрылуына  байланысты  жаңа  таңдаулы  тақырыптар  ұсынылды.   Санау  жүйелері  және  электронды  есептеуіш  машинаның  арифметикалық  құрылғылары (7-сынып), «Алгоритмдеу  және  бағдарламалау» (8- сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10сыныптар), «Бағдарламалау тілдері»(10-сынып).

          Дәл осы  кезеңде арнаулы  факультативтік  курстар  бойынша  оқыту  мазмұны  мен  әдістерін  жасау  мәселелеріне  байланысты  әдістемелік мәселелер  В.М.Монаховтың  және  т.б. көптеген  ғалымдардың  еңбектерінде  өз  шешімін  тапты.  Мектептер  мен  есептеуіш  техникасы бар өндіріс  орындары  арасындағы  байланысты  қалыптастыру  тәжірибесі  жинақталды. Бұл  тәжірибе  кейін  оқу-өндірістік  комбинаттары  арқылы  мектептегі  оқыту  ісіне  есептегіш  техниканы  енгізуге  негіз  болды.

Келесі  кезең, оқу-өндірістік  комбинаттары  негізінде  мамандандыруға  байланысты.  Оқу-өндірістік  комбинаттары  негізінде  оқушыларды  есептегіш  техниканы  меңгеру  және  пайдалануға  байланысты көптеген  мамандықтарға  дайындау  мүмкін  болды.  Атап  айтқанда, электронды  есептегіш  машина операторы,  электронды  есептегіш  машина  үшін  мәліметтерді  дайындау  құрылғыларын   жөндеу  және  күту бойынша  электромеханик,  электронды  аппаратураны  реттеуші, бағдарламалаушы  лаборант, есептеу  жұмыстарының  операторы  дайындалды.

           Одан  кейінгі  кезең,  жалпы  білімдік  бағдардың  дамуымен  сипатталады.  Математикаға  бейімделген  мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның  оқу  бағдарламаларында  оқушыларға бағдарламалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылған.Сонымен қатар,бағдарламалаудың  жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттеледі.Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылады.

       Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептегіш техника негіздері міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың  қыркүйек айының  1-нен бастап «Информатика және есептегіш техника негіздері» (ИЕТН) курсы оқытыла бастады. Мектептегі компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының 1-нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу үрдісіне енгізудің әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық,педагогикалық,психологикалық,мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде «Информатика Физика Математика» журналы шыға бастады.

Компьютер алғаш оқу үрдісіне енгізілгенде мынадай екі үлкен мәселе  көзделген:

1)  Компьютер оқу объектісі, яғни пән ретінде оқытылуы болса,

2) Компьютердің жалпы оқу үрдісіндегі қолданылуы. Міне бағдарламалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.      

Іздеу