Жалпы орта мектептегі білім беру пәндерін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
1 ИНТЕРАКТИВТІЛІК ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА
ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Педагогикадағы «технология» ұғымы
1.2 Интерактивті тақта
1.3 Тақталар түрлері
1.4 Интерактивті тақта қажеттілігі
1.5 Мультимедиалық технология
2 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ
ФОРМАЛАРЫ

2.1 «ACTIVBOARD» интерактивті тақта мүмкіндіктерін орта мектепте
қолдану

2.1.1 Интерактивтік оқыту дегеніміз не?
2.1.2 «Нысаналарды басқару»
2.1.3 «Əдемі беттерді құру»
2.1.4 «Графиктер жəне мəтінді пайдалану»
2.1.5 «Қосымша мүмкіндіктер»
2.2 Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы
3 ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Оқытудың жалпы принциптері. Интерактивті оқытудың негізгі әдістері
3.2 Информатика сабақтарын интерактивті оқытуды ұйымдастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауының жылдағыдан ерекшелігі алдағы он жылдықта не істеу керектігі жөнінде кеңірек ой-толғамдар айтылды. Себебі, дағдарыстан бір жылда шығып кете алмайтынымыз анық жайт. Сондықтан, экономикамызды құлан-таза сауықтыру үшін алдағы он жыл көлемінде не істеледі деген сұрақ төңірегінде мәселе орынды қозғалды. Биылғы жылдан бастап, еліміз инновациялық жобаларды жүзеге асыруға кіріспек. Инновацияны жүзеге асыратын - білімді және білікті мамандар. Кеше де, бүгін де, ертен де ақпарат тізгіні кімнің қолында болса, сол уақыт үдесінен шығып, басқалардан оқ бойы алда жүреді. Өйткені, ақпарат дегеніміз - интелектуалдық және күнделікті ізденістің сыртқа шыққан мазмұны. Оның негізгі тетігі - адамның білімінде. Сол себепті, жоғарғы оқу орындарында жаңаша технологиямен оқыту, ғылымға баса көңіл бөлу керектігі айтылды. Еліміздің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру мақсатында ақпараттық технологиялар жүйесіне жүктелер жауапкершілік жүгі ауыр. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде жаңа инфрақұрылым қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, интернет және баска да каналдар арқылы жұмыс жүргізу мәселелерін дамыту ерекше күн тәртібіне қойылып отыр [l]. Сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеті - ғылым мен практика, компьютерлік технология жетістіктері негізінде оқушыны, жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екені көрсетілген.

Оқыту - білім алудың, біліктілікке үйретудің, іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың және адамды еңбекке бейімді даярлаудың негізгі құралы. Оқыту процесінің нәтижесінде білім алу, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары жүзеге асырылады.

Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері және әдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады. Педагогикадағы дәстүрлі "нені оқыту керек?", "не үшін оқыту керек?", "қалай оқыту керек?" деген сүрақтарына жауап іздеумен қатар "қалай нәтижелі оқыту керек?" деген сұраққа жауап іздеу оқыту процесін технологияландыру мәселесіне алып келді. Бұл компьютерлік технология негізіндегі оқыту әдістерін жетілдіріп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Есептеуіш техниканың білім саласына кең көлемде енгізілуі қолданбалы бағдарламалардың, әcipece компьютерлік оқыту бағдарламаларының, оның ішінде электрондық оқулықтардың көптеп пайда болуына және "компьютерлік технология", "компьютермен оқыту", «электрондық оқулықты пайдаланып оқыту» т.б. терминдердің шығуына алып келді [2].

Соңғы кездерде электрондық оқулықтармен жұмыс жайлы Г.К.Нургалиева, В.В.Гриншкун т.б. еңбектері зерттелініп, тура және кері байланысты автоматтандырылған кешен түріндегі жүйелер ұсынылуда.

Келтірілген еңбектер, оның ішінде информатика курсын оқыту электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі бойынша біршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетеді. Бұл саладағы еңбектерді талдау нәтижесінде орта мектептерде компьютерлік технология негізінде электрондық оқулықтарды пайдалануда оқушының потенциалды мүмкіндігін ескеріп оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін өз бетінше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестері толық қарастырылмаған. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудың мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану мәселесіне Е.И. Машбиц сынды психологтардың, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектері арналған. Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру мәселелері К.Маклин, Б.Хантер, И.В.Роберт тәрізді ғалымдардың жұмыстарында баяндалады.

Келтірілген еңбектер, оның ішінде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыру әдістемесі бойынша біршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетеді. Бұл саладағы еңбектерді талдау нәтижесінде орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалана отырып, оқушылардың потенциалды мүмкіндігін ескеріп оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін өз бетінше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестері толық қарастырылмаған. Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әлі күнге бір жүйеге келтірілмегендіктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдістемелік нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Біз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негізделген оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарын бірізділік принципі негізінде ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай әдістемені ұсынамыз. Бұл мәселенің техникалық тұрғыдағы шешімі - еліміздің барлық мектептерінің компьютермен толық жабдықталынып, компьютерлік технология көмегімен көрнекілік принципті толығымен жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл мүмкіндіктің бар болуы, бірақ дидактикалық принциптерді пайдаланудың жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қарама-қайшылық пайда болуда. Орта мектептерде информатика курсын оқыту әдістемесінде көрнекілік принциптерді пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігін анықтайды.

 Тақырыптың өзектілігі: Жалпы орта мектептегі білім беру пәндерін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы:

- информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыруға қойылатын талаптар мен критерийлер жасалды ;

- ситуациялық тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі жасалды;

- ойын элементтері арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі тәжірибелік сынақтан өткізілді;

-  жаңа иновациялық технологияларды сабақта пайдаланудың жетістіктері көрсетілді;

-  информатика  пәнінен оқушылар білімін есепке алу сабақтарын өткізу әдістемелік нұсқауы жасалды;

Дипломдық жобаның мақсаты: Жалпы орта мектептегі білім беру пәндерін оқытуда интерактивті тақтаның  мүмкіндіктерін пайдалану  жолдарын үйрену.      

Дипломдық жұмыстың міндеті:

Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау ;
  • оқытуда пиза тапсырмаларын пайдалану арқылы оқушыларының информатикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау ;
  • информатикалық тараулар мен тақырыптар жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды оқыту жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру;
  • қызығушылықты арттыру  әдістемесін жасау және оның    тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру ;
  • зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау;

Жұмыстың методологиялық базасы: Институтыттың мультемедиялық аудиториялық кешені, информатика кафедрасының әдістемелік кабинеті. 

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Орта мектеп оқушыларына интерактивті тақтаны мүмкіндіктерін пайдалынуға үйрету.  

Мәселенің зерттеу обьектісі: Жалпы білім беретін орта мектепте  интерактивті тақтаны мүмкіндіктерін пайдалыну зерттеу обьектісі болып табылады.

Дипломдық жобаның құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен тұжырымдамадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады

Іздеу