Информатика сабағында компьютерлік графиканы қолдану тәсілдері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ.........................................................7
1.1. Оқытудың жалпы дидактикалық әдістері .........................................................7
1.2. Проектілік әдістің түрлері ..............................................................................15
1.3. Проектілік әдіске қойылатын талаптар
Информатиканы оқыту процесінде қолдануға арналған проектілер
2. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
2.1. Құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторлар
2.1.1. WORD графикалық редактордың қолданылуы. Компьютерлік графикалар
2.1.2. Excel-дің графикалық мүмкіндігі
2.1.3. Paint графикалық редактордың мүмкіндігі
2.2. Кәсіптік графикалық редакторларды информатика сабағында қолдану әдістері
2.2.1. Corel DRAW векторлық графиканың мүмкіндіктері
2.2.2. Adobe Photoshop графикалық редакторын қолдану
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ ...............................................................


КІРІСПЕ

Білім беруді жетілдірудің ең негізгі бағыттарының бірі- оқыту үрдісін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру.

Бұл білім беруді ізгілендіру, қазіргі оқу орындарындағы білім берудің мақсаттылық бағдарларының өзгеруін, мұның ішінде басты орынға оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру мақсаттарын қояды. Оқыту үрдісінің нәтижелі болуы, оны объективті бақылап, тиімді басқарусыз мүмкін болмайтынын күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені объективті бақылаусыз, оқу бағдарламасынан ауытқуды, шәкірттер біліміндегі «ақ таңдақтар» дәл уақытында анықтап, жөнге салу мүмкін емес. Жоспарланған нәтижеге жету үшін, тиімді басқарудың маңызды роль атқаратынын педагогика ғылымдары тарихынан белгілі.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта «қоғамды  информатикаландыру»,  «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері  біздің  сөздік  қорымызға  еніп кетті.  Мектептерде Word  және Paint редакторлары, Exsel кестелік редактор, Corel Draw векторлық графикалық редактор және ADOBE PHOTOSHOP бағдарламаларының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында компьютерлік графиканының  алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.

Диплом жұмыстың мақсаты:

Информатиканы мектеп курсында оқытуда компьютерлік графиканың  орта білім беру жүйесінде құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторларды және кәсіптік графикалық редакторларды информатика сабағында қолдану әдістерін оқушыларға түсіндіру, практикада қолдануы туралы білімдерді меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Информатика сабағында компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін және қолданыстарын практикада іске асыру.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсы болып табылады. Мектеп курсындағы 10-11 сыныптарда оқытылатын Компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін әр түрлі бағдарламаларда қолдану тәсілдерін зерттеу болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады. 

Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты, практикалық маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі көрсетілген.

1 тарауда Информатиканы оқыту әдістері,  проективтік әдістің түрлері және  қойылатын талаптар қарастырылған.

2 тарауда Информатика сабағында компьютерлік графиканы қолдану әдістері: құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторлар (Word, Exsel және Paint) және кәсіптік графикалық редакторлар Corel Draw векторлық графикалық редактор және PHOTOSHOP туралы мағлұмат берілген.

Қазіргі заман талабы-білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды.

Компьютермен жұмыс жасау мына бағыттардан тұрады:

  1. Компьютерлік оқу бағдарламаларын игеру;
  2. Бақылау жұмыстарын орындау;
  3. Компьютерде өздігінен жұмыс жасауға бейімдеу.

Мектептегі информатика курсының оқытылу сипаты репродуктивті, яғни оқушыларға дайын білім беріледі. Ал, ол оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз етпейді. Қазіргі уақыт талаптарының бірі – пәнді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамытатын әдістерді пайдалану. Бұл жағдайда «Проектілік әдіс»  үлкен мүмкіндіктер ашады.

«Проектілік әдіс» жаңа әдіс  емес. Ол шетел және отандық педагогикада 20-30-жылдарда қолданылған болатын. Бірақ кең қолданыс таппады. Ал, қазірігі уақытта компьютерлік телекоммуникациялардың дамуына байланысты, ол өзіне қайта назар аудартты.

Проектілік әдіс педагогикада жүйелі пәндік оқытудың орнына емес, білім беру жүйесінің компоненті ретінде қолданылып отыр.

Проектілік әдіс оқыту процесіндегі оқушылардың белсеңділігіне негізделген. Ол оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше білім алуға итермелейді.

Осы проектілік әдістің мәнін ашу, оның типтерін анықтау, информатиканы оқытуда қолдану әдістемесін зерттеу дипломдық жұмысымның негізгі мәселесі болып табылады. Жұмысты орындау  барысында  проектілер әдісі дегеніміз не, оның қысқаша даму тарихы, типологиясы және информатика пәнінде қолдану мүмкіндіктері, т.с.с. зерттеулер жүргізілді.

Геометриялық фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер ком­пьютер жадында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салған уақытта бағдарлама оның радиусын, центріның координаттарын, сызықтың түсі мен қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлың суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады. Осының нәтижесінде сурет сапасы өзгермейді. Расторлық суреттерде объект пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр-қайсысының өзінің түсі болады. Ал компьютер расторлық суреттерді өңдеуі үшін ол пиксельдер сан түрінде беріледі, яғни кодталған болып табылады. Бағдарлама сол пиксельдердің реті мен түстерінің номерін біле отырып, кез келген расторлық суретті тани алады. Расторлық кескіндер фотосуреттерде кеңінен қолданылады. Интернет компьютер желісінде көптеген суреттер расторлық кескін арқылы бейнеленеді. Векторлық жөне расторлық графиканы оқып меңгеру үшін Corel Graphics графикалық дестесі (пакеті) қолданылады.

Іздеу