Информатиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ

І. Негізгі бөлім.
1. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі........................................
1.1. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері............................
1.2. Информатиканы оқытудың мазмұны......................................................
1.3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары...................

2. Білім берудегі жаңа технологиялар
2.1. Білім беруді ақпараттандыру және оның приоритеттері..........................
2.2. Мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру...
2.3. Білім беруде жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері және негізгі бағыттары..

3. Жаңа ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану.
3.1. Информатика сабағындағы жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының техникалық базасы....................
3.2. Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері.........................
3.3. Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар................

ІІ. Эксперименттік бөлім.
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ

ІІІ. Қорытынды бөлім.

IV. Қолданылған әдебиеттер.


Кіріспе

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттындыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті — ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі сағат саны жетіспей, оқу құралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін жаңа оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, соларды пайдалана білу керек. Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға терең білім алуға көмектеседі. Қазіргі таңда мектеп ұстаздары информатика пәнінің сабақтарында компьютердің ұсына алатын мүмкіндіктерін толық қолдана алмауда. Әсіресе жаңа ақпараттық технологиялардың ажырамас бөлігі – мультимедия құралдарын өз дәрежесінде қолдана білсек, ұсынылап отырған материалға оқушылардың зейінін тартып қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында пәнге деген қызығушылықтары мен білім алуда өздігінен оқуға талпындыру, яғни ізденімпаздық қасиетін қалыптастыра аламыз.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты қазіргі таңдағы түрлі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мектептегі информатика сабақтарының сапасын жақсарту жолдарын қарастыру, сабақтарада мультимедияға негізделген техникалық оқу құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсету. 

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: бұл дипломдық жобада ұсынылған қазіргі таңдағы педагогикалық әдістер туралы мәліметтерді инфорамтика сабағын ұйымдастыруда жаңа ақпарттық технологиялардың бір – мультимедиялық технологияларды тиімді қолдану жолдары туралы ақпарат алатын мұғалімге көмекші құрал есебінде пайдалануға болады және «Информатика пәнін оқыту әдістемесі» курсында стуленттерге пайдалы, әдіснамалық қосымша есебінде пайдалануға болады.  

Іздеу