Компьютердің негізгі құраушыларын жөндеу және ақауларын анықтау (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ……………….................................3
1 КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАУШЫЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ АҚАУЛАРЫН АНЫҚТАУ............ 5
1.1 Дербес компьютерді пайдаланудың қауіпсіздік техникасы....... 5
1.2 Компьютердің ішкі құрылғыларының бұзылуының алдын алу жолдары.................6
1.2.1 Жүйелік блоктың қорабы…………………………….......... 6
1.2.2 Процессорды жаңғырту...................................................... 9
1.2.3 Жүйелік тақшаны таңдау..................................................... 15
1.2.4 Жадының қателерін жою..................................................... 20
1.2.5 Ақпарат жинақтауыштар..................................................... 24
1.2.6 Бейнекартаның ақаулары..................................................... 35
1.2.7 Дыбыстық карта және акустикалық жүйе........................... 38
1.2.8 Коректену блогы түрлері.................................................... 40

2 PENTIUM ТИПТІ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ.......................... 48
2.1 Компьютермен жұмыс барысында кенеттен тұрып қалу себептері.........................48
2.2 Компьютерді қосқан кездегі ақаулар........................................... 53
2.3 Pentium4 компьютерін жөндеу жолдары..................................... 54

3 КОМПЬЮТЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ҚҰРАЛДАРЫ…………………...67
3.1 Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары....................... 67
3.2 Дыбыстық сигналдар
3.3 Мәтіндік сигналдар......................... 69
3.4 Ақаулықтарды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары................ 80
3.5 Профилактикалық шаралар бағдарламасы..................................84
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................ 94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................96


 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қолданушы жұмыс барысында туындаған ақауды болдырмау үшін үнемі сервистік орталықтардың көмегін қажетсінуі ықтимал. Мұндай тәуелділікті жою немесе осы салада еңбек ететін мамандардың техникалық біліктігін қалыптастыру мақсатында бұл дипломдық жұмыс дербес компьютерді қалай орналыстыруға, пайдалануға, техникалық қызмет етуге, жөндеуге, қосу және оны күнделікті жұмыста қалай қолдану қажет нұсқаулар қарастырылған.

Бүкіл компьютерлік ақауларды екі түрге: аппараттық және бағдарламалық деп бөлуге болады. Біріншісі, компьютердің аппараттық бөлігінің жұмысына, екіншісі, операциялық жүйемен және орнатылған қолданбалы бағдарламаларға байланысты болатындығын және олардың бұзылыстарын ажырата біліп тиісті техниқалық қызмет көрсетуі мен ақауларды іздеу жолдарының өзектілігі.

Компьютерлердің саны күннен – күнге өсе түсуде. Егер он жыл бұрын компьютерлердің түрлерін саусақпен санауға болатын болса, қазіргі уақытта қайсысы жаңа, қайсысы мықты екенін айыруға қиынға соғады. Себебі, кем дегенде ай сайын компьютерлердің жаңа түрлері пайда болып, қолданысқа шығуда.

Сондай-ақ, бұрын компьютерлердің жылдамдығын қолданушы өзі үдетуге тырысса, қазір көптеген өндіруші-зауыттардан үдетіліп шығады, басқа да жұмыс өнімділігін күшейтуге септігін тигізетін техникалық құрылғылар мен жағдаяттар алдын ала өндіріс орындарында ескеріледі. Мәселен, «істен шыққан компьюте «қолданушыны» «қарапайым адамға» айналдырады» деген тұжырымды айтуға болады. Өйткені, қолданушы жұмыс барысында туындаған ақауды болдырмау үшін үнемі сервистік орталықтардың көмегін қажетсінуі ықтимал. Мұндай тәуелділікті жою немесе осы салада еңбек ететін мамандардың техникалық біліктігін қалыптастыру мақсатында бұл дипломдық жұмыс дербес компьютерді қалай орналыстыруға, пайдалануға, техникалық қызмет етуге, жөндеуге, қосу және оны күнделікті жұмыста қалай қолдану қажет нұсқаулар қарастырылады. Осы мәселелерге байланысты таңдап алынып отырған «Компьютердің бұзылыстары мен тұрып қалушылық себептері және оларды жөндеу жолдары» тақырыбындағы дипломдық жұмысты зерттеу бүгінгі күннің талабы және өзекті мәселесі болып отыр.

Бүкіл компьютерлік ақауларды екі түрге: аппараттық және бағдарламалық деп бөлуге болады. Біріншісі, компьютердің аппараттық бөлігінің жұмысына, екіншісі, операциялық жүйемен және орнатылған қолданбалы бағдарламаларға байланысты орын алды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңда дербес компьютерлердің қолданылу аймағының кең өріс алуына байланысты, кез келген қолданушы жұмыс барысында туындаған ақаулықтарды болдырмау үшін үнемі сервистік орталықтардың көмегін қажетсінуі ықтимал, мұндай тәуелділікті жою немесе осы салада жұмыс ететін мамандардың техникалық біліктілігін қолданбау үшін, өз бетімен жөндеу әрекеттерін қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеті: ДК-ді қалай орналастыруға, қызмет етуге, жөндеуге, қосу және оны күнделікті жұмыста қалай қолдануға қажет нұсқаулар беру.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері:

  • Компьютерді бөлшектеу мен құрастыру, жаңғырту процесстері;
  • Компьютерге техникалық қызмет көрсету және ақауларды анықтау жолдары мен оны жоюдің негізгі бағыттары;
  • Компьютердің негізгі құраушыларые жөндеу және ақауларын анықтаудың әдіс-тәсілдері;
  • Бағдарламалық жасақтаманы баптау жолдары мен мәліметтерді қалпына келтіру тәсілдері.

Зерттеу объектісі – Pentium типті компьютерлердің жөнделу жолдары.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық материалдармен қамтылған екі бөлімнен, тапсырмалармен берілген тәжірибелік бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.

Іздеу