Векторлық графикалық редакторлардың мүмкіндіктері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ...........................................................................................3
1 ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЛАР...................................................... 6
1.1 Графикалық бағдарламалар және олардың түрлері........................6
1.2 Macromedia Flаsh программасындағы растрлық графика............................11
1.3 АutoСАD инжинерлік графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары.................15
1.4 Adove Photoshop программасымен жалпы танысу…....................19
1.5 СorelDraw векторлық графикалық редакторы..........................24

2 ВЕКТОРЛЫҚ ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ..........................52
2.1 Corel Draw графиктік редакторын мектепте оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету.....................52
2.2 Графикалық редакторда перспективалық көрініс заңдылықтарын пайдаланудағы әдіс тәсілдер………....54
2.3 Corel Draw графикалық редакторын меңгеруге арналған тәжірибелік жұмыстар...........55

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................76

 


Дербес компьютерлер мен олардың перифериялық құралдарының пайда болуымен сызба - графикалық жұмыстарды, геометриялық есептерді шешуді автоматтандыруға орасан зор мүмкіндіктер пайда болды. Сонымен бірге компьютерлік графика құралдары да күрделеніп, мүмкіндіктері көбейді (дисплейлер, плоттерлер, бағдарламалық құралдар және т.б.).

ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады. Бастапқыда ол векторлық графика болды – бұл қағазда не болмаса экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын «вектор» деп аталып кеткен функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді. Мысалға графигі шеңбер, түзу сызық және т.б. болып келетін функциялар. Осындай «векторлардың» қосылуынан векторлық суреттер пайда болады.

Дербес компьютерлердің бағдарламалық құралдары жеке қолданбалы бағдарламалардан бастап арнайы графикалық тілдер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттеріне (графикалық жүйелер) дейін дамыды. Дербес компьютерлердің қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырылуы интерактивтік режимде жұмыс істеуге, яғни адам мен компьютердің арасындағы оперативтік графикалық қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының өзектілігі: Ғылыми – техникалық прогрестің қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес дамуы компьютерлендіру тенденциясымен, электронды есептеу машиналары, жүйелер және компьютерлік желілерден тұратын деректерді өңдеудің тармақталған жүйесін жасаумен айқын ерекшеленеді. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Кейбіреулер осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарды пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Болашақта осындай жұмыстарды өз бетімен жасайтындай тұлғалардың қатарын көбейту үшін информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту керек. Оқытудың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістер бүгінгі күннің негізгі проблемасына айналып отыр. Сондықтан аталған проблеманы шешу барысында Corel Draw векторлық графикалық редакторлардың мүмкіндіктерін орта мектепте оқытудың қажеттілігі туындайды.

Қазіргі уақытта «қоғамды информатикаландыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Мектептерде векторлық графика редакторларын оның ішінде Corel Draw векторлық графикалық редакторының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында объектілерге эффектілер жасап үйрену компьютерлік графиканының алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.

Ғылыми жаңашылдығы:

  • жалпы білім беретін орта мектептерде векторлық графикалық редакторлардың мүмкіндіктерін енгізу жолдары анықталды;
  • оқытудың жаңа технологиялары пайдаланылып, жалпы білім беру саласындағы оқушылардың құзырлығын қалыптастырудың әдістемелік кешені ұйымдастырылды.

Практикалық маңыздылығы: Информатика сабағында компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін және қолданыстарын практикада іске асыру.

Қазіргі уақыттағы ахуалы: бүгінгі таңдағы орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жетілдірілудегі жетістіктерін арттыру.

Диплом жұмысының мақсаты: Corel DRAW программасында графикалық редактормен танысу. Графикалық объектілерді салуды, айналдыру, еңкейту, үлкейту, жылжыту және салынған объектілерді бейнелеу, мүсіндердің тобымен жұмыс жасау, құюдың түрлі-түсті түрін қолдана білу, графикалык объектілерді салу сияқты әркеттерді үйрену.

Corel Draw векторлық графикалық редакторын оқыту орта мектепте 10 сағатқа құрылған. Оның 4 сағатын теориялық бөлілмге, 6 сағатын практикалық бөлімге арналған. Corel Draw векторлық графикалық редакторы оқушыларға программаны толық меңгертуге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игертуге арналған бірнеше тәжірибелік жұмыстар жиынтығынан тұрады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • оқушыларды Corel Draw программасының жұмыс жасау технологиясымен таныстырып, графикалық ортада ақпараттарды түрлендіруге үйрету;
  • оқушыларды информатика пәнін кәсіби бағытта оқытудың теориялық негіздерімен және дидактикалық бірліктерімен қаруландыру;
  • оқушыларды компьютерлік дизайнда жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, оны ғылыми-теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеп, таңдауға үйрету;
  • компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту.

Бұл оқыту бағдарламасы 11-сыныпта «Corel Draw векторлық графикалық редакторы» тақырыбымен жалғасын табу керек.

Дипломның теориялық және әдістемелік негіздемесі: Дипломдық жұмыс екі негізгі бөлімнен: негізгі бөлім, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде векторлық графикалық редакторлары жайлы мәлімет, олардың орнатылуы, жүктелуі, мүмкіндіктері қарастырылған. Ал тәжірибелік бөлімде информатиканы оқыту әдістемесін сын тұрғысынан ойлау стратегиясы элементтері бойынша оқыту көзделіп, ерекшеліктері қарастырылған.

Іздеу