Мектеп курсында информатиканы оқыту үдерісінде алгоритмдік оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ.............................................................3
1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.....................6
1.1 Информатика ғылым ретінде: пән және ұғымы........................6
1.2 Информатика орта мектепте оқу пәні ретінде...........................8
1.3 Информатиканы оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылымының жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындау пәні ретінде...........................................................9
1.4 Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері .................................................10
2. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ...........12
2.1 Оқушылардың ақпараттық мәдениеті педагогикалық іс-әрекет мақсатында қалыптасуы .................................12
2.2 Білім беру ақпараттандырудың педагогикалық жобалауға әсері..................13
2.3 Оқу үрдісін алгоритмдендіру...................................................19
2.4 Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері ................................21
2.5 Информатикадағы теория мен практика ...................................22
2.6 Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.......................23
2.7 Компьютердегі жұмыс және ойлау әрекеттері.............................24
2.8 Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау..................27
2.9 Информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.......................29
3. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ........32
3.1 9-сынып информатика пәнінің мазмұны мен құрылымы Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру...................................................32
3.2 Информатика сабағын мультимедиялық оқыту презентациялары арқылы ұйымдастыру тәсілдері....................40
3.3 Turbo Pascal программалау тілін оқытуды ұйымдастыру..............51
3.4 Информатика сабағын ұйымдастыру тәсілдері...........................56
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................87


Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда. Қоғамның  қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр. Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда. Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Жалпы білім беретін мектептің информатика 9-сыныбына арналған оқулықтарды көптеген авторлар қарастырған: Н.Т.Ермеков, В.А. Криворучко, Л.Н. Кафтункина, Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова және т.б. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және бағдарламалау құзырлығын  арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып,  ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.     

Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі жұмыстың өзектілігі болып отыр.

Мемлекеттік стандарт бойынша 9-сынып Информатика пәні, негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:

  1. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы.
  2. Паскаль - бағдарламалау тілі.
  3. Паскаль тілінде бағдарлама дайындау жолдары.
  4. Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар.
  5. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері.
  6. Көмекші бағдарламалар
  7. Графика.
  8. Компьютерлік желілер.
  9. Модельдеу және модельдеу түрлері.

Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған бағдарламалау тілінің бірі – Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты –информатика пәнін игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және алгоримдік әдіс-тәсілдерін  жобалау және құру.

Жұмыс міндеттері:

  • Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;
  • Информатика орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
  • Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;
  • 9-сыныпта информатика бойынша оқыту бағдарламаларына және бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын белгілеу;
  • 9-сынып оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және алгоритмдік әдістемелік нұсқауларын жобалау және құру.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері – егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені алгоритмдік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, орта мектептің 9-сынып  информатикасын оқыту теориясы мен әдістемесін талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық материалдармен қамтылған екі бөлімнен, суреттер және кестелермен, есептермен және зертханалық жұмыстармен, тестілік тапсырмалармен берілген тәжірибелік бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.

Іздеу