Мультимедиялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе

1 Жаңа ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері

1.1. Компьютерлік оқыту жүйесінің маңызы
1.2 Мультимедиялық технологиялар түсінігі.

1.3 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері

2 Мультимедиялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері

2.1 Интерактивті тақталардың оқу үрдісінде қолданылуы

2.2 Сабақты бақылауға арналған тестілеу пульті құрылғысының қызметі.

2.3 Мультимедиялық құрылғылар мен бағдарламалар.

3. Мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын құрудың əдістері мен құралдары

3.1 Мультимедиялық электрондық оқыту құралдарының дидактикалық талаптары

3.2 Microsoft FrontPage бағдарламасында электронды оқыту құралдарын дайындау жолдары

3.2.2 Front Page тілі көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал және оның тиімділігі

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер


Дипломдың жұмыстың мақсаты – білім алушыларға тереңдете білім беру және мултимедиалық анимациялық процестерді көрсету.

Дипломдық жұмыстың нысаны. Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы.

Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:

  • Delphi программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды;
  • Жануартану пәніне мультимедиялық анимация;

Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.

Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

  • таратылып берілетін оқу материалдары;
  • бақылау және тестен өткізу материалдары;
  • жаттығулар;
  • сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
  • кранда берілетін барлық акпараттыққу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Іздеу