Информатика пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ....................................................................................3
1 Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемесі.......................................6
1.1 Информатика пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті.. 6
1.2 Орта мектепте информатиканы оқытудың ерекшеліктері........................................................8
1.3 Тәжірибелік сабақтарды ұйымдастырудың маңыздылығы........................................................13
2 Информатика сабағын ұйымдастыру түрлері............... 17
2.1 Тәжірибелік,зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері..........................................20
2.2 Информатика және оның қолдануларын қосымша оқыту түрлері........................................27
2.3 Деңгейлік тапсырмаларды орындау мен бағалау критерийлері........................................30
3 Орта мектепте информатика пәні бойынша тәжірибелік тапсырмаларды дайындау ерекшеліктері 49
3.1 7-сыныпта тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру...... 49
3.2 Деңгейлік тапсырмалар арқылы тәжірибелік сабақтарды өткізуді түрлендіру...........................58
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................... 70


Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жаратылыстану пәндеріне оның ішінде информатика пәнінің мектепте оқытылу және көңіл аудару-тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса маңызды. Сондықтанда мектеп информатика курсындағы  демонстрациялық жұмыстарды жандандыру қажеттілігі туындайды және тәжірибелерді лабораториялық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы орындауды жолға қою маңызды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы зерттеудің нәтижелері бойынша орта мектептерде информатиканы оқытуға арналған техникалық оқыту құралдары негізінде жасалған компьютерлік оқыту бағдарламалары кейбір мектептердің тәжірибесіне және электрондық оқулықтардың мазмұнына енгізілген. Мұндай компьютерлік оқыту бағдарламаларын жасаудың тәсілдерін және бағдарламаның өзін орта мектептің информатика мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерінде қолдана алады. Жұмыста айтылған пікірлерді білімді ақпараттандыру жағдайында орта мектептің басқа пәндерінің оқытушылары да өздерінің іс-тәжірибелерінде қолдана алады.           

Зерттеу жұмысының мақсаты - оқушыларды микропроцессорлы жүйелердің элементеріне оқыту әдістемесін ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеті- оқушыларды микропроцессорлы жүйелердің элементеріне оқыту барысында дербес компьютерді пайдаланудың теориялық жағын айқындай түсу және оны сәйкес дидактикалық талдаулар арқылы тиянақтау.

Зерттеу объектісі жоғарғы оқу орнында компьютер архитектурасына оқыту үдерісі, ал оның пәні оқыту үдерісіндегі дербес компьютерді тиімді пайдаланудың ерекшеліктері және дербес компьютерді колдану арқылы олардың оқу іс-әрекетін қалыптастырып, одан әрі дамыту.

Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады. Қазіргі оқушылар болашақ мұғалімдер компьютердің қоғамдағы ролін, ғылымдағы алар орынын айқын түсінуге тиіс.

Пәнді оқу нәтижесінде оқушылар хабардар болуы керек: қазіргі есептеуіш техниканың дамуы тенденциясынан; дербес компьютерді қолдану және есептерді шешу үшін микропроцессорлы жүйелердің мүмкіндіктерінен хабардар болуы керек.

Теориялық және әдіснамалық негіздері: егер жоғары оқу орынында информатика бойынша оқу процесі информатиканы оқытудың жинақталған, қашықтықтан оқыту және күндізгі оқу бөлімінде қолдануға сәйкес келетін оқу құралы ретінде арнайы жасалған немесе таңдалған сапалы электрондық ресурстарды қолдануға негізделген болса, онда олар оқытудың тиімділігін көтеруге, оқушылардың оқуға деген құштарлығын жоғарылатуға, тек информатика ғана емес басқа да пәндерді игеруде ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын тудыруға және болашақта кәсіби қызметінде электрондық ресурстарды қолдануға ұмтылуына әсер етеді.

Іздеу