Ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалануды жетілдіру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ...........................................................3
1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.................. 5
1.1 Ақпараттық технологиялардың пайда болуы мен дамуы.................. 5
1.2 Ақпараттық технологияларды қолдануды оқыту үрдісіне ендіру жолдары.........................................8
1.3 Жаңа ақпараттық технологиялар түрлерінің жұмыс істеу ерекшеліктері...................11
2 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ..............................14
2.1 Информатика сабағындағы жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының техникалық базасы.......................14
2.2 Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері....................................17
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар...........................26
3 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ.. 46
3.1 Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы....................46
3.2 Жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып сабақ түрлерін ұйымдастыру................................48
3.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқыту үрдісіндегі бақылау түрлерін өткізу ерекшеліктері...............52
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................73


Ақпараттық технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Ақпараттық құралдардың сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Диплом жұмысының өзектілігі

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Осы жағдайдарға байланысты алынып отырған «Ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалануды жетілдіру» тақырыбының зерттелуі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі деп ойлаймын.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы - Жаңа ақпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
  • құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Диплом жұмысының мақсаты қазіргі таңдағы түрлі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мектептегі оқыту үрдісінің сапасын жақсарту жолдарын қарастыру, сабақтарда мультимедияға негізделген техникалық оқу құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсету. 

Диплом жұмысының міндеттері

  • орта мектепте ақпараттық технологияларды қолдануды жетілдіру;
  • оқушылардың ақпараттық технологиялармен сауаттануларын қалыптастыру;
  • жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуларын зерттеу.

Теориялық және әдіснамалық негіздерібұл дипломдық жобада ұсынылған қазіргі таңдағы педагогикалық әдістер туралы мәліметтерді информатика  сабағын ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологиялардың бірі – мультимедиялық технологияларды тиімді қолдану жолдары туралы ақпарат алатын мұғалімге көмекші құрал есебінде пайдалануға болады және «Информатика пәнін оқыту әдістемесі» курсында студенттерге пайдалы, әдіснамалық қосымша есебінде пайдалануға болады.

Іздеу