Қазақ қоғамында әйел бейнесіне қатысты тұрмыс салттық дәстүрлер (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе
1 Қазақ әйелі бейнесінің гендерлік бағыт бағдары
1.1 Қазақ әйелі бейнесінің әлеуметтік сипатын стереотиптер арқылы анықтау
1.2 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты антропонимдердің гендерлік сипаты
2 Қазақ қоғамында әйел бейнесіне қатысты тұрмыс салттық дәстүрлер
2.1 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты
2.2 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты қолөнер, кәсіп атаулары
2.3 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды мәні
2.4 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипаты
3 Қазақ дүниетанымына сәйкес әйел бейнесі
3.1 Әйел -ана қарым-қатынасының этномәдени мәні
3.2 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты онимдердің этномәдени сипаты
3.3 Қазақ әйелі бейнесінің қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер қорының этномәдени сипаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениеттін анықтауды негізгі қағида етеді. Нақты айтқанда, ұлтты алғашқы орынға қоятын антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.
Ал мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес.
Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Этномәдениетті антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның мәдениетке қалай ықпал жасайтынын анықтау және тұрмыстың адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау, т.б. Этномәдени зерттеудің антропоцентристік бағыты мәдениеттану біліміндегі адамның мәдениет факторы мәселесін, мәдениеттің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты;
Ақиқат дүниенің бейнесі – өзгермелі құбылыс. Ал адам санасында қалыптасатын ақиқат дүниенің бейнесі арқылы тілдік қорды, оның ішкі мағыналық формасындағы өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік жасалатыны қазіргі тілді зерттеудің танымдық, антропоөзектік бағыты арқылы дәлелденіп отыр.
Ана сүтімен бойға сіңген ана тәрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті адамның көкірегінде жатталып, өле-өлгенше сақталады. Сол үшін әрбір қазақ әйелінің дүниеге әкелген сәбиі жылағанда, қазақша әлдилеп жұбатып, қазақша бесік жырын айтып ұйықтатып, «апа» деген алғашқы сөзді үйретіп, тілін де қазақша шығаруы, қазақ тілінде ертегі айтып, қазақша «құлыным, ботам» деп еркелетуі оның өмірлік қағидатына айналуы тиіс.
Алтын мәденитұрамыздың алтын арқауын асыл қолдарынан шығармай ұстап, құнарын жоғалтпай сақтап, ұлттық мәдениеті қадірі мен құдіретін ұғындыруды аналардың қасиетті парызы ретінде қазіргі қазақ қоғамында қалыптастыру, оның әлеуметтік-материалдық негізін жасау – өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін–зерде ерекшелігі, парасат¬пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. тілдік көрінісі этностың ерекше этноөзектік концептілері болып табылады. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше.
Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ әйелі» бейнесінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.
Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы «әйел» бейнесіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін қоғамдық құбылыстар, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, топонимдердегі, т.б. «қазақ әйелі» бейнесін дәлелдейтін деректерді зерделеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын деректерді этномәдени бағытта айқындау, әйел бейнесінің қоғамдық концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:
– зерттеу тақырыбы бойынша арнайы деректермен жұмыс істеу;
– қазақ әйелі бейнесінің гендерлік бағыт бағдарына талдау жасау;
– қазақ әйелі бейнесінің әлеуметтік сипатын стереотиптер арқылы анықтау
– қазақ әйелі бейнесіне қатысты антропонимдердің гендерлік сипатамасын ашу;
– қазақ қоғамында әйел бейнесіне қатысты тұрмыс салттық дәстүрлерді зерттеу;
– қазақ әйелі бейнесіне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипатын анықтау;
– қазақ әйелі бейнесіне қатысты қолөнер, кәсіп атауларын талқылау
– қазақ әйелі бейнесіне қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды мәнін ашу;
– қазақ әйелі бейнесіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипатына талдау жасау;
– қазақ дүниетанымына сәйкес әйел бейнесіне талқылау жасау;
– әйел~ана қарым-қатынасының этномәдени мәніне талдау жасау;
– қазақ әйелі бейнесінің қатысты онимдердің этномәдени сипатын қадағалау;
– қазақ әйелі бейнесінің қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер қорының этномәдени сипатын ашу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған деректер .
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу