Павлодар өңірінде сурет өнерінің ерекшеліктері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе
1 Кереку өңірінде сурет өнерінің қалыптасуы
1.1 Қазақстанда сурет өнерінің тұрақтануы
1.2 Кереку өңірінде сурет өнерінің қалыптасуы
2 Павлодар өңірінде сурет өнерінің ерекшеліктері
2.1 Павлодарлық суретшілердің қызметі
2.2 Павлодарда көркемсурет мекемелерінің қызметі
3 Кереку өңірінде сурет өнерді мемлекеттік тұрғыдан қолдау
3.1 Павлодар аймағында сурет өнерін үгіттеудің мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар
3.2 Керекулік сурет өнері арқылы жастарда жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Кереку өңірінің бейнелеу өнері дүниежүзінің және өркениеттік өнердің бір құрамдас бөлігі болып табылады.
Осыған байланысты жергілікті бейнелеу өнеріне алуан түрлі белгілер тән. Осы сияқты өзекті тақырыпқа біздің курстық жұмыс арналады.
Ұлттық мәдениеттің біртұтас бөлімі ретіндегі Кереку өңірінің бейнелеу өнеріне қазақтың тарихи құбылыстары мен оқиғалары тән. Сол сияқты қазіргі кезде болып жатқан қоғамдық өзгерістер, саяси құбылыстар, рухани қайта құрылыстар жергілікті өнеріне, соның ішінде бейнелеу өнеріне өз ықпалын тигізген.
Бейнелеу іс-әрекетінде, қиялға, эстетикалық талғам мен қажеттіліктерге деген қызығушылықтары дамиды, бейнелеу іс-әрекеті сабақтарына қажетті дағдылар мен біліктер игеріледі
Сол сияқты адам баласының рухани, эсте¬тикалық байлығы болып саналатын бейнелеу өнері бірнеше өнер сала¬сының өмірге келуіне себеп болға¬ны да даусыз шындық. Сондықтан да адам¬ның айналасындағы ор-таны тануы¬на, сана-сенімінің жетілуіне, эсте¬ти¬калық тәр¬бие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына мүмкіндік берген.
Осы заманда кейбір ға¬лым¬д¬ар, өнер зерттеушілері көшпелі халықта мәдениет, әсіресе, қолтума сурет өнері болмаған, болса да жүйелі дамымаған деген сыңаржақ пікір айтып келгені бар. Елдігімізді танығалы бері бұл пікірдің шын¬дық¬қа жанаспайтыны дәйектеліп отыр. Дәлелі мол археологиялық қазба жұмыстарынан табылған өнер туындылары оның ұшқары пікір екенін тайға таңба басқандай көр¬сетіп келеді. Мысалы, мыстан жа¬салған күнтізбенің тарихта алатын орны бөлек
Бұл бағытта біз Кереку өңірінің қазіргі замаңғы бейнелеу өнері, оның ерекшеліктері, негізгі өкілдері, оларға тән сипаттамаларға арнайы зерттеу жұмысын жүргізудеміз. Осы курстық жұмыс дипломдық жұмыста өз зерттеулерін жалғастырады.
Осыған байланысты зерттеу жұмысымыздың мақсаты Кереку өңірінде бейнелеу өнерін зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай зерттеу міндеттері анықталды
- Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
- Кереку өңірінде бейнелеу өнерінің қалыптасуын зерттеу;
- Кереку өңірінде бейнелеу өнерінің негізгі өкілдерінің шығармашылығына шолу жасау;
- Павел Григорьевич Лысенко шығармашылығын зерттеу;
- Вадим Овчинников, Александр Овчинников ағайындылардың шығармашылығын зерттеу;
- Ольга Ловина шығармашылығын зерттеу;
- Александр Ерашов шығармашылығын зерттеу;
- Өсербай Шұранов шығармашылығын зерттеу;
- Валерий Приходьконың шығармашылығын зерттеу;
- Кереку бейнелеу өнері арқылы жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Бүгінге дейін бейнелеу өне¬рінен білім алған ұрпақтарымыз ұлттық сана мен тілден айырылып, еуропалық жүйеде тәрбиеленді. Сол себепті жас суретшілеріміз ұлттық мінез-құлықтан айырылып, халықтық тәрбиеден бейхабар болды. Таным-түсінігі салт-дәстүрмен байланыспаған әдет-ғұрыпты жете меңгерген суретші ұлттық төлтума тудыруы мүмкін емес. Кез келген көркем шығарманы ұлттық төлтума деп қарауға болмайды. Әрбір туындының тарихпен ұласуы үлкен құбылыс.
Ел екенімізді, ұлт екенімізді таны¬тып, таңғалдырар, тамсанды¬рар таланттардан кенде емес еке¬німізді көрсетіп, ешкімнің ақы¬лын¬сыз-ақ, жетегінсіз сурет өнерінің саңлақтары отандық рәміздерімізді жасады. Мұны жұрт қуана қолдады. Қазір төрткүл дүниеде көк Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз айбынды асырып тұр. Біз жоғарыда бейнелеу өнері туралы арғы-бергі тарихқа аз-кем шолу жасағанда осындай қарымды ұрпақтың бұрын да болғанын, осы күні де бар екенін аңғарту үшін айтқан едік.
Тәуелсіздік алып, өзіміз жеке мем¬лекет ретінде дами бастаған тұста ұлттық бейнелеу өнері қарыш¬тап қанатын кеңге жайды. Ота¬ны¬мыздың алтын діңгегіне, ырыс құ¬тына айналған Астанамыз жыл сайын өркендеп келеді. Жас қала¬мыз тек сәулет жағынан сұлу¬ланбай, рухани жағынан да байи түсуде. Осының өзінен бейнелеу өнерінің небір айтулы көріністерін көруге болады.

 

Іздеу