Абайдың тілдік тұлғасы дискурстық талдау мен концептуалды жүйесі (Зерттеу жұмысы / Исследовательская работа)

Кіріспе
1 “Абайдың тілдік тұлғасын зерттеудің тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы.
1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі.
1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
1.3 Абайдың тілдік тұлғасы қалыптасуындағы тіл мен таным сабақтастығы.
1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
І.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
1.7 Дискурс ұғымы
2 Абай тұлғасының вербальды-семантикалық деңгейі.
2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздері.
2.2 Абай шығармаларындағы орыс сөздері.
2. 3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
2.3.1. Мақал-мәтелдердің прагматикалық қызметі.
2.3.2 «Жоқтаудың» (этнографиялық лексикасының) лингвомәдени мәні.
2.4 Абай шығармаларындағы диалектизмдердің лингвомәдени мәні.
3 Абай тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейі.
3.1 “Толық адам” концептісі.
3.2 “Күлкі” концептісінің когнитивтік моделі
3.3 “Қайғы” концептісі.
3.4 “Өтірік” концептісі.
3.5 “Мақтан” концептісі.
3.6 “Жағымсыздық” концептісі.
3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
3.8 Қимыл атауларының мәні.
4 Абай дүниетанымының ұлттық мәдени концептілер арқылы көрінісі
4.1 “Жайлау” концептісінің әлеуметтік мәні.
4.2 “Қымыз” концептісінің әлеуметтік мәні.
4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
4.4. Вестиалды лексиканың этнолингвистикалық сипаты.
4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні.
5 Абай тілдік тұлғасының прагматиткалық деңгейі.
5.1 Дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
5.2 Индивидуалды авторлық метафорлардың когнитивтік сипаты.
5.3 Абай көзқарасындағы пассионарлық идея.
5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің когнитивті сипаты.
5.5 Абайдың шығыс, батыс ойшылдарымен (Қайқаус, Монтень) дүниетаным ортақтығы қарастырылды.
5.6 Абай-Монтень дүниетанымының үндестігі.
5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
5.8 Абай шығармаларындағы афоризмдер сипаты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жұмыстың әдіснамалық негіздері үшін лингвостилистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, көркем әдебиет тілін сараптауға қатысты әлемдік және отандық тіл біліміндегі жалпы теориялық қағидаттар басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысында талдау, саралау, сипаттау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар, концептілік талдау, ішінара тезаурустық талдау, компоненттік-семантикалық, лексика-семантикалық, құрылымдық-грамматикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні. Абай тілін талдау қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлғаны зерттеудің теориясы мен практикасына белгілі бір дәрежеде үлес қосады; сол бағыттағы зерттеулердің кейбір аспектілерін толықтырады; қазақ көркем сөзі, әдеби тілі тарихындағы жекелеген тілдік тұлға рөлінің маңыздылығын объективті бағалаудың өлшемін көрсетеді, Абай тілі тезаурусы тек көркемдік немесе тілдесім құралы (Қарасөзінде де) ғана емес, танымдық, рухани функция атқаратындығымен құнды, соған байланысты тілдің кумулятив қызметіне ерекше көңіл бөлінді. Қазақ ұлтының дүниетанымын, парасат-пайымын, ой әлемін тіл арқылы жеткізудегі Абай тілдік тұлғасының өзіндік ерекшелігі мен мәні көрсетілді.
Абайдың тілдік тұлғасын тіл біліміндегі жаңа бағыт арнасында лингвистикалық талдауға түсірудің теориялық, практикалық маңызына қоса, оның аксиологиялық мәнін танытуға да көмектеседі.
Осы тектес зерттеудің теориялық қағидалары Абайдың рухани және тілдік әлемін жаңа бағыттағы зерттеулер үрдісінде жаңаша зерделеп, абайтану іліміне өзіндік үлес қоса алады.
Зерттеу тұжырымдары мен нәтижелерін мәтін лингвистикасы, көркем мәтін стилистикасы, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану пәндері бойынша өткізілетін ғылыми курстарда пайдалануға, сондай-ақ, көркем мәтінді интерпретациялау, авторлық даралықты талдау бағытындағы арнайы курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға болады. Сондай-ақ, орта мектеп бағдарламасы бойынша Абай шығармашылығын оқыту барысында әдеби-тілдік талдау нысанасы ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жаңалығы:
– Ақынның тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік және прагматикалық деңгейлерден тұратын біртұтас құрылымдық жүйесі қазіргі қазақ тіл ғылымындағы жаңа зерттеу бағыттарының ғылыми тұжырымдарына негізделді;
- Абай шығармалары тілі когнитивті лингвистика аясында, мәдениет пен тіл сабақтастығында алғаш рет зерттеліп отыр, осыған байланысты Абайдың тілдік тұлғасындағы дүниенің тілдік бейнесі когнитивтік (танымдық) тұрғыда талданады;
- Тілдік тұлғаның поэтикалық ойлау жүйесінің ерекшелігі индивидуалды дүние бейнесін айшықтайтын авторлық метафоралардың белсенді қызметі арқылы да дәйектеледі;
–Көркем мәтін мен тілдік тұлға сабақтастығы тек лингвостилистикалық тұрғыда ғана емес, концептілік жүйеде талданған шығарма мәтіні әлеуметтік-философиялық негіздермен сабақтас танымдық аспектіде талданады;
– Әр халықтың мәдениетінің этнотаңбалық белгісін тілі арқылы репрезентациялау бойынша ұлт – мәдениет – тіл сабақтастығы Абай шығармалары дискурсы арқылы тағы бір уәжделді. Абай шығармалары тілінің тезаурусы арқылы оған доминанталық басымдық берілді;
– Лингвомәдениеттану тұрғысынан алынған лексемалар өз бойына қоғамдық-әлеуметтік, тарихи құнды ақпарат жиған мәдени код ретінде түсіндірілді. Сонымен қатар, Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына өз ұлттық мәдениеті мен өзге мәдени аядағы білімдер тоғысының ықпалы зор. Прецеденттік мәтіндер мәні осы тұрғыдан қаралған;
– Ғылыми жаңалық ретінде қарастырылып отырған Абайдың Қарасөздеріндегі эссе жанрын айқындау оның когнитивтік мәнін ашу зерттеу мақсатына сәйкес антропоцентристік бағдарда алғаш рет сараланды.
– Абай афоризмдерінің семантикалық-стилистикалық ерекшелігі, иллокутивті қызметі, коммуникативті әрекетінің прагматикалық мәні императивтер арқылы нақты көрсетілді.

Іздеу