Л.Н.Гумилевтің өмір жолы (Мәлімет)

(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинетіндегі деректер бойынша)

Л.Н.Гумилев өмірі – оның негізгі кезеңдері белгілі бола тұра, толық зерттелмеген тақырып. Бізге ойшылдың өмір жолына арналған үш кітап қана белгілі: С.Б. Лавров «Лев Гумилев. Судьба и идеи» (М., 2000), А.И. Чистобаев «Этнологи, опередившие время: к 90-летию Л.Н. Гумилева и 50-летию К.П. Иванова (СПб., 2002)» и Т. Фроловская «Евразийский Лев» (Семей, 2003). Сондықтан Л.Н.Гумилевтің өмірін толыққанды сипаттау, оның адами және ғылыми биографиясын беру қиындық туады.
Мұның ешқайсысына қарамай, біз Лев Николаевичтің өмірін заманның қатаңдығына көңіл аудармай поэзиялық сипаттағы және кейбір естеліктер призмасы арқылы қарауға тырыстық. Біз ақпараттың қайнар көзі ретінде ғалымның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі петербургтік әріптестерінің көмегімен жинақталған Кабинет қорындағы нақты деректерді алдық.
Академик А.М.Панченко көптеген жылдар Л.Н.Гумилевпен жақын араласа жүріп Лев Николаевичтің қайтыс болғанына 40 күн толғаннан кейінгі берген қазанамасында Левтің өмірге келгендігі туралы былай деп жазады: «...И вот 1 октября 1912 г. “барышня Аня” родила сына. Когда в Слепневе (родовое имение Гумилевых в Тверской губернии – авт.) получили известие о рождении наследника, хозяева усадьбы созвали крестьян и простили им все долги, вынесли корзины яблок и всем раздали по яблочку». Міне осы кезден кішкене Левтің өмір жолы басталды.
Алайда екі жылдан соң Ресей мен Германия арасындағы соғыс, яғни дүниежүзілік соғыс басталып, оның әкесі белгілі ақын Н.С.Гумилев өз еркімен герман майданына аттанады.


Л.Н.Гумилев Омбы лагерінде (Қарағандыдан кейін) өзінің түрме басшылығына: «Маған өлеңдерді аударуға, ғұндар туралы кітап жазуыма бола ма:», - деп арызданады да, біраз күннен соң: «Ғұндар туралы жазуға болады, өлең жазуға болмайды» деген жауап алады.
Түрмедегілер Л.Н.Гумилевке цементтен босаған қаптардың қиындысын әкеледі, ал ол одан дәптер жасап, майда жазумен Еуразия тарихын жазады. Біз көбіне ғылыммен айналасу үшін керемет жағдайды армандаймыз. Ал Лев Николаевич ештеңеге қарамастан, қамауда жатып-ақ жұмыс істеген. Бұл нағыз ғылыми ерлік емес пе? Бұл нағыз рухани күштің куәсі емес пе?


Л.Н.Гумилевтің Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағысы келетін бүгінгі кейбір әрекеттермен мүлдем келісе алмаймыз.


Л.Н.Гумилев ХХ ғасырдың көрнекті тарихшысы ретінде қорғауға мұқтаж емес. Бірақ біздің міндетіміз, Еуразия университетінің оқытушылары мен профессорларының міндеті – оның кеш берілген квазиакадемиялық сындарына негізделген жауап беру.
Лев Николаевич Гумилев асыра мақтауға да мұқтаж емес. Біздің міндетіміз – оған тиесілі бағасын беру.
С.В. Селиверстов
Жарияланым мына кітаптан қазақ тіліне аударылды:
Мир Евразии: история, современность, перспективы: Труды Пятого международного Евразийского научного форума. – Астана: Изд-во ЕНУ. С. 36-43


Парақ саны - 20

Іздеу