Музыкалық ырғақты қимылдар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
Музыка және қимыл
1.1 Музыкалық ырғақты қимылдарды дамытудың бағдарлық талаптары.
1.2 Музыкалық тәрбие балаларға қызықты және ойындар
1.3 Балаларды ырғаққа және ән айтуға үйрету әдісінде көптеген ұқсастық бар.
1.4 Орта топтардағы ырғақ қимылдарын дамыту әдісі
1.5 Ересек топтардағы балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
1.6 Жеті жасар балалар музыкалық-ырғақтық қимылдар жасауға
үйрету
1.7 Практикалық сабақтар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе

“Музыкалық сүйемелдеуімен орындалатын қимылды ойындар музыканың өзі сияқты естуді жеңілдікті және қимылдың икемдігін ,музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап берушілік қабілеті дамытады”-деп жазған болатын белгілі орыс педагогы Е.Н.Водовозова.
Бұл ойды А.П.Усова одан әрі дамытады:”Өсіп келе жатқан баланың бойында ойын,тіл және ойының өзара ұштастық табуында қалайда бір таң қаларлық нәрсе бар.соған орай баланың ән айтуы ойынан туындайды деп айтуға толық негізі бар.Баланың ойының тәжербиесі балалар музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі болып табылады... Балалар үшін орыс биі дегеніміз не деген сұрақтың жауабын да осы ойындардан іздеген жөн болар. Балаға түсінікті әсем ырғақты сурет те соларда жасалып, ол ойын түрінде берілген” Бұндай бейнелі сөздерде халықтың тәжербиесіндегі бар жақсылықтың бәрін шеберлікпен пайдаланып балаға береді.
ХХ-ғасырдың басында негізін швейцарлық музыкант-педагог Э.Жак-
Далькроз салған ырғақтық тәрбие жүйесі көптеген елдерде кеңінен тарады.Оның әдісі арнайы іріктеп алынған жаттығулар арқылы балалардың бойына музыкалық естуді, есте сақтауды, зейінді, ырғақты, қимылдың әсем мәнерлігін дамытуды көздеді.Бұл жағдайлар көңіл аударарлық ,психологияның, музыка танудың ғылыми мағлұматтары негізінде одан әрі жасалып келе жатқан педагогикада ескеріліп келеді. Музыканың организмнің жалпы қызметіне оңды ықпал жасайтыны дәлелденген. Бұл жөнінде есту және бұлшық еттер түйсігінің өзара байланысына сипаттама бере отырып, И.М. Сеченев те жазған болатын. Музыкалық қабілетінің дамуы-естуді және өзінің қимылдарын музыкамен үйлестіре білуді жетілдіру процесінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бұл іскерліктерді ырғақты жаттығулар, музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып әдеттеніп билеу түрінде түсінікті әрі қызықты етіп дамытуды мүмкіндігінше ерте бастау қажет. Психолог Б.М.Тепловтың пікірі бойынша музыканы қабылдау “Музыкалық қозғалыстың уақытша барысында барынша толық күйде немесе аз көлемде бере алатын қандай да бір қимылды әрекеттер арқылы тікелей сүймелденеді”. Тиісті музыкалық шығармаларды іріктеп алу жолымен белгілі бір қимылды әрекеттер тудыруға,ұйымдастыруға және олардың сапасына ықпал жасауға болады.
Біздің елімізде музыкалық-ырғақтық тәрбиенің жүйесі Н.Г. Александрова, М.А. Румер, Е.В.Конорова, В.А.Гринер және басқалар тарпынан жасалған. Мектепке дейінгі жасқа қолдану үшін арнайы зерттеулер Н.А.Ветлугина, А.В. Кенеман және олардың шәкірттері М.Л. Палавандишвили, А.Н.Зимина тарпынан жүргізілді.


Музыка және қимыл
Түлі музыкалық шығармалар балаларды сезімдік толғанысқа келтіріп, белгілі бір көңіл күйін келтіреді, соның нәтижесінде қимыл белгілі бір сипатқа ие болады. Мысалы, мерекелік марштың салтанатты үні адамды қуантады, жанына жігер береді. Бұл дененің тік ұсталуынан, қол мен аяқтың
дәл және нық қимылынан айқын көрініс табады. Керісінше, салмақты, баяу қимылды билер денені бос ұстауға, қимылды асықпай, барынша еркін жасауға мүмкіндік береді. Музыкамен қимыл арасындағы байланыс тек қана олардың жалпы сипаттағы үйлесімдігімен шектелмейді. Музыкалық образдың дамуы, бір-біріне қарама қарсы және ұқсас музыкалық құрылымдарды салыстыру, мәнерлік реңк, ырғақтық өрнек ерекшелігі,динамикалық ерекшеліктері,қарқын-осының бәрі қимылдан көрініс таба алады.Көркемдік образ уақытына орай дамытылы отырып, музыкалық мәнерлік құралдарының ұштасу және алмасып отыруы көмегімен беріледі. Сондай-ақ қимыл да уақытқа қарай жетіледі: оның сипаты, бағыты өзгереді, өренктен құрылым жетіледі, оның жеке дара және топтық жүйелігі ауыстырылып отырады.
Қарама-қарсылық және қайталаушылық принціпі музыкада қимылдың қарама-қарсылық және оның қайталаушылық жағдайына сәйкес болады. Жеңіл ырғақтар, көңіл аудару қол соғу, аяқпен тақылдату арқылы жасаса, динамикалық, қарқынды сәттер –бағытын өзгертумен белгіленеді.
Қимыл өз кезегінде ерекше мәнерлік беретін музыкалық шығарма толық қабылдауға көмектеседі. Бұл сияқты өзара әрекеттестікке музыка жетекші орын алады, өйткені қимылдар көркем образдарды білдіретін өзіндік ерекшелігі бар құрал болып табылады.
Музыкалық мәнеліліктің кейбір құралдары егер олар басылымдылық рольге ие болса, қимылға тиісті өзгерістер ендіре алады. Ол үшін орыстың екі халық әуенін салыстырып көрейік: “Қыздар жаздық құлмақ септі” және “Тау басындағ шәңгіш тал”Бірінші жағдайда қайталанып отырылатын, сөздер анық аяқталатын шығарманың үлгісі айқын қабылданады. Бұл алға және артқа қарай жүруге және музыкалық ойынды соңында тұп-тура тоқтай қалуға сәйкес келеді. Екінші жағдайға келетін болсақ онда өлеңнің жалынды сипаты барынша анық әуендік құрылыммен, ырғақпен беріледі:

Ей,шәңгіш тал,кімге жұмыс бересің,
Айт, таңқурай, қандай жұмыс бересің

Қимыл жасау барысында бұл аяқты тақылдатумен айқын беріледі. Сөйтіп, ырғақтың қызықты да тартымды қызметі жағдайларында баланың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін дамытуды жүзеге асырылады. Ырғақпен шұғылдану баланың жеке басының,оның танымдық, еріктік және әсерлік саласының қалыптасуына септігін тигізеді.

Іздеу